» » Қызылордалық кәсіпкер қауыннан чипсы жасап шығаруда

Қызылордалық кәсіпкер қауыннан чипсы жасап шығаруда


Қызылордалық кәсіпкер қауыннан чипсы жасап шығаруда. Ерекше бастаманы ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы Самалбек Қосанов қолға алған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өз кәсібін ашқан ғалым жаңа өнімді кептірілген бақша дақылынан дайындайды. Тәжірибе жүзінде чипсиды екі түрлі формада көпшілікке ұсынуда. Қауын чипсиларын дайындау үш кезеңнен тұрады. Алдымен піскен қауын мұқият тазаланып, жұқа тілімдерге кесіліп, үшінші кезеңінде дайын бөліктері 12 сағаттан аса уақыт кептіріледі. Бастысы өнім экологиялық тұрғыдан таза. Кәсіпкердің айтуынша ерекше дәмнен ауыз тиген жандар бұл өнімнің тұрақты тұтынушысына айналады.

Бұған дейін де бақша дақылдарына түрлі тәжірибе жасап жүрген ғалым нарықта кездеспейтін өнім шығару мен әртүрлі сорттарын егуді де қатар алып келеді. Ауыл шаруашылық саласымен кәсібін сабақтастырған кәсіпкер енді өз кәсібінің көкжиегін кеңейтуге басымдық беріп отыр. «Бизнестің жол картасы 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасына құжат тапсырып, бастамасы қолдау тауып, 2 млн. 500 000 теңге қайтарымсыз қаражатқа да ие болып үлгерген.

Айта кетейік, қала әкімдігі «Нәтижелі жұмыспен қамту», «Еңбек» , «Қарапайым заттар экономикасы» , «Бизнестің жол картасы 2020-2025» мемлекеттік бағдарламалары негізінде кәсіп бастауға ниетті азаматтарға ерекше қолдау білдіріп келеді.
15 қазан 2020 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728