» » Ауыл бренді базарда

Ауыл бренді базарда

ЖАЗДЫҢ МАМЫРАЖАЙ КҮНДЕРІ ТӘМАМДАЛЫП, ҚОҢЫР КҮЗГЕ АЯҚ БАСУҒА ДА ЖАҚЫНДАДЫҚ. БҰЛ КЕЗЕҢДЕ БАУ-БАҚША ӨНІМДЕРІНІҢ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛЫП, БАҒБАНДАР ҚЫЗУ ЕҢБЕККЕ КІРІСЕДІ. ЖАЗ БОЙЫ БАПТАҒАН БАҚША ДАҚЫЛДАРЫН ЖИНАП, БАЗАРҒА САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРАДЫ.
Бүгінде базарға бара қалсаңыз бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Әсіресе ауылдардан келген қауын-қарбыздың саудасы әлі де қызып тұр. Мұндайда тұтынушылар әр ауылдың өнімін бағалап, дәмдісін әрі піскенін таңдап тұрып алады. Егер көңілден шығып жатса жыл сайын сол елдің бақша дақылын сағына күтетіні сөзсіз.
Ауылдың дәмін сағынып, біз де орталық базарға жол тарттық. Осыған дейін де талай сырттан әкелінген қауын-қарбызды жеп көрдік. Алайда өзіміздің ауылдың дәміне ұқсатпадық. Базардың қақпасына жетпей дүкеннің көлеңкесінде айран-қатығы мен төрт-бес сары әңгелек, әміресін сатып отырған әжейге жолықтық. «Келіңдер, ауылдың әміресі» деді бізді көріп. Иісі бұрқыраған әңгелектерді қолға ұстап «Қай ауылдың дәмі» дегеннен саудаға көштік. «Жосалы ауылыныкі, өзімнің бақшамда өскен» деді. Іздегенімізді тапқанымызға қуанып, одан әрі базар ортасына жылжыдық. Қаз-қатар тізілген қауын-қарбыздың қарасы көп. Сары қауын, қара қауын, әміре керек пе, бәрі бар. Тек таңдай білсеңіз болды. Қазір базардағы бақша дақылдарының көбісі Төребай би ауылының өнімі. Ай басында аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесуде Жосалы ауылдық округіндегі «Дәуіт» шаруа қожалығының бақша жайымен арнайы барып танысқанды. 55 гектар жерге егілген бақша дақылдары өз өнімін түгел беріп тұр. Тек ауа райы бір қалыпты болса аудандағылардың ауыл өнімін тұтынатын күні де алыс емес деген еді. Міне, сол күнге де жеттік.
– Қазір бақша дақылдары толықтай пісті. Жинаған қауын, қарбыз, қиярымызды Қызылорда, Байқоңыр қаласы, Ақай ауылдарына жіберіп жатырмыз. Одан бөлек ауданымыздың тұрғындары да өнімімізді тұтынуда. Бағасын қолжетімді етіп сатудамыз. Биыл су тапшылығын аздап көрдік. Алайда 4 электрлі насостың арқасында бақшамыз уақытылы суғарылып отырды. Кезекшілік ұйымдастырып, мал, доңыз, шағал, борсықтан күндіз-түні қорыдық. Осындай күтімнің арқасында биыл өнім жақсы шықты. Келер жылы гектарын кеңейту жоспарда бар, – дейді шаруа қожалық төрағасы Дәуіржан Қалдашбаев.
Бүгінде Төребай би ауылының брендіне айналған қауын-қарбызды тұтынған жұртшылық бағасын беруде. Өз аймағымыздың таза өнімін тұтынып, қолдау көрсетсек ауданымыздың ауыл шаруашылық саласының дамуына серпін бергеніміз емес пе?
Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 тамыз 2022 ж. 800 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031