» » Жәрмеңкеде жергілікті өнімдер

Жәрмеңкеде жергілікті өнімдер

Жаздың соңы... Бау-бақша өнімдері пісіп, жемісін бере бастаған кез. Бұл уақытта адамдар қысқа дайындықты бастап кетеді. Сондай-ақ жаңа піскен қауын-қарбыз жаппай саудаланады бұл уақытта. Жалпы жазғы мезгілде бақша дақылы да, мал азығы да арзан бағада сатылады. Ал сондай арзан бағадағы өнім өткен сенбіде жәрмеңкеде тұрғындарға ұсынылды.
Биыл жәрмеңке әкімдіктің арнайы межелеген жерінде, яғни Жосалыдағы Б.Момышұлы көшесіндегі "Достық" автостансасының жанындағы ашық базарда өтті. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырған шарада өңірге қарасты ауылдардағы шаруашылықтар, баубақша егумен айналысатындар жергілікті тұрғындарға өз өнімін ұсынды. Мәселен, Иіркөл, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал мен Қуаңдария ауылдарының шаруалары жоңышқа, пішен пресс, бидай мен күріш қалдығын сатты. Тұрмағамбеттіктер бақша өнімін, ақтөбеліктер мен иіркөлдіктер қауын-қарбызын саудаға салды. Ал ІІІ Интернационал мен Дүр Оңғар ауылының диқандары ақ күріш пен көкөнісін пұлдаса, Қармақшы ауылы шұбат, ірімшікқұрт пен ет өнімін халыққа ұсынды. Сонымен қатар, Алдашбай ахун ауылының еңбеккерлері жәрмеңкеге бал қауын мен қарбыз, Ақай ауылының кондитерлері өз тәттісін және Төретам кенті макарон, май, сүт пен шұжық әкелді. Айта кетерлігі, жәрмеңкеде санитарлық талаптар қатаң сақталып, бетперде тағу мен арақашықтық сақтау талап етілді.
Таң ертесімен біз де жәрмеңкеге барып, тыныстіршілігімен танысып қайттық. Сол уақытта иіркөлдік көлік иесінің жолға шығуға дайындалып жатқанын аңғарып, тілдесуді жөн көрдік.
– Жәрмеңкеге 150 пресс мия шөбін алып келдік. Бір данасын 200 теңгеден саттық. Әлі уақыт ерте болса да соның барлығын түгелдей сатып болдық. Біз биыл жәрмеңкеге бірінші рет өнім әкеліп тұрмыз. Алдағы уақытта тағы да сату ойымызда бар, – дейді иіркөлдік Ғали Набиев.
Өз ауылдарында ауыл шаруашылығымен, жоңышқа егумен айналысатын бұл азаматтардың саудасы сәтті болды. Азамат Ахметбеков, Қайрат Сағынбаев, Ерсайын Құлтаев пен Ғали Набиев алдағы уақытта бұл ісін жалғастырып, мал азығын арзан бағада сатуды көздеп отыр.
Мұндай жәрмеңке Төретам кентінде де ұйымдастырылып, Ғ.Мұратбаев көшесіндегі ашық базарда өтті. Бұл жақта да жергілікті ауылдардың бау-бақша, көкөніс пен азық-түлік өнімдері сатылымға шығарылды. Таңертеңгі 8.00-ден басталған жәрмеңкеге Байқоңыр-Төретам-Ақай бағытындағы маршрут үздіксіз жүріп отырды.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
18 тамыз 2020 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031