» » Бақша дақылдары – базарда

Бақша дақылдары – базарда

Әміре деген қауынның түрін білесіз бе? Иә, сізге мұндай қауын жақын таныс. Ал батыстың базарын ғана көрген балаға бұл ерекше көрінеді. Расымен, мен туған батыста сары қауынның дөңгелек және сопақ түрі ғана бар. Айырмашылығы дөңгелегі кішкентайлау, ал сопағы едәуір салмақты. 5 сыныптың қазақ тілінде "әңгелек, жәмше, торлама" деген қауын атаулары кәсіби сөздер ішінде кездесетін. Бұл жаққа келіп әміренің де дәмін таттық.
Автостанса жақтағы «Достық» базарының алдынан өтіп бара жатқанда үйіліп тұрған қарбыз бен қауынды көріп көзім жайнап кетті. Сол күні бос уақыт та табылып, базарға қарай тартып тұрдым. Бұрын базар десе анамның үйіп-төгілген қалтарын машинаға тасу ғана елестейтін. Бұл жолы базарға өзім, өз еркіммен тартып тұрдым. «Мынау не?» деген сұрағыма «Әміре ғой» деген асығыс жауап алдым. Қызу сауда жүріп жатыр, жауаптың да асығыс берілгені сондықтан. Сұрай келе бұл өнімдердің Ақжардың бақшасыныкі екенін білдім. Өз ауданымыздың қауынын жеп көрейін деген оймен біреуін алдым да қайттым.
Асыра сілтегенім емес, дәмі тіл үйіреді. Құдды бір қауынға қантты аямай қосып қойғандай. Мұндай өнімді газетке жазбасқа болмайды. Ертесіне-ақ орынбасар тәтеміз Гүлжанат Дүзенова бір кісінің нөмірін беріп, Ақжар ауылының жетекші маманы Гүлдана Ғибатуллақызы деді. Қоңырау соғылып, ақпарат алынды.
Ақжар ауылдық округінен базарға қарбыз бен қауыннан басқа картоп, сәбіз бен қызылша әкеліп сатылады екен. Мұның барлығы «Ораз Ахун LTD» ЖШС, «Бағбан» ШҚ мен ауыл тұрғыны Сақыбек Кәрібаевтың өнімдері. Осы кезге дейін Ақжардан Жосалы мен Төретемға 5 тонна қауын, 200 келі картоп, 100 келідей қызылша мен сәбіз әкелінген. Сауда аудан әкімі бекіткен автостанса жақтағы «Достық» базарында жүргізіледі.
Қарбыздың келісі 70 теңгеден сатылса, қауын көлеміне қарай 300-500 теңгеге бағалануда. Картоп – 150 теңге, сәбіз – 160 теңгеден сатылуда.
Міне, осылайша жаз бойғы тынымсыз тірліктің нәтижесінде бағбандар еңбегінің жемісін көрсе, аудан тұрғындары «өзіміздің» жеміс-жидекті тұтынуға мүмкіндік алды.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
18 тамыз 2020 ж. 3 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 163
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031