» » Еңбектің ебін тапқан

Еңбектің ебін тапқан

qarmaqshy-tany.kz Дәнекерлеуші – электр доғасымен металды түрлі тәсілмен кесіп, оларды бірдей әдіспен біріктіріп пішіндейтін адам. Бұл кәсіппен айналысатын маман үшін белгілі бір дағдылардың болуы маңызды. Десе де, адам назарын бір нүктеге шоғырландырып, қажетті пішінді жасай білуі міндетті. Сонымен қатар, дәнекерлеуші алдымен санасында атқарар жұмысты елестетеді, дизайнын салады және қағазға сызбасын бейнелейді.
Міне, осындай қасиеттерді бойына сіңірген дәнекерлеу ісі маманының бірі – Ақай ауылының тұрғыны Сақтаған Назарбай.
Бала жасынан дәнекерлеу ісіне жақын болып өскен Сақтаған Қарашұлы Қазалы қаласындағы ПТУ8 кәсіптік мектебінің «Дәнекерлеу» бөлімін тәмамдаған соң, өзі туыпөскен ауылында тұрғындардың тапсырысы бойынша түрлі жұмыстарды атқарады. Бірақ қолында заман талабына сай құрылғылар болмаған соң, ол кәсібін әрі қарай дамыта алмайды.
Міне, оның арманы да орындалар уақыт келіп жетеді. Қазалыдан отбасылық жағдаймен Ақай ауылына қонысын ауыстырған ол көп ұзамай бала кезден алдына мақсат етіп қойған кәсібін дамытуда ауылдық әкімдік мамандарының қолдауымен мемлекеттің жұмыссыз азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтудағы бағдарламаларына қатысуға бел буады.
Жақында ол мемлекеттің қолдауымен ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатындағы бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Ұлттық жоба аясында «Дәнекерлік ісі» жобасын қорғап, қайтарымсыз грант жеңіп алды.
Бүгінде ол электрмен дәнекерлеу бойынша ауыл тұрғындарының темір қақпа, есік, әткеншек, киім ілгіш, басқа да темірден жасалатын түрлі бұйымдарды сапалы әрі уақытылы орындап беріп, құрметке ие болуда. Сонымен қатар шебер аргон, кемпи және плазмалық әдісімен дәнекерлеу ісі арқылы ауыл тұрғындарының тапсырыстарын орындауда.
«Бұл кәсіппен бала кезден шұғылданып келемін. Осы мамандық бойынша арнайы білім алдым. Ол бүгінде өміріме серік болды. Осы кәсібім арқылы нәпақамды тауып отырмын. Қақпа, есік сияқты көптің қолы жете бермейтін тұрмысқа қажетті бұйымдарға тапсырыс көп. Әрине, олар дүкенде өте қымбат тұрады. Сосын кейбірінің сапасына да көңіл толмайды. Ал, менде олар арзандау. Мектептерден де парта, басқа да темірден жасалған бұйымдарды дәнекерлеп беріңізші деп келіп жатады. Оларға да көмектесеміз. Кейде самаурын, шәйнектерді де алып келеді. Қалайша көмектеспейсің. Қазір ауыл тұрғындарының жаздық сәкіге де сұранысы артуда. Кейде көрші балалар велосипедін сүйретіп келеді «Көке мына жерін дәнекерлеп берші» деп. Ауылдық әкімдік қолдау жасаса алдағы уақытта кәсібімді кеңейтуге де жоспар бар. Заман талабына сай дәнекерлеу шеберханасын ашып, оны заманауи үлгідегі құрылғылармен қамтысам ба деймін. Әрине ол алдағы уақыттың еншісінде» дейді дәнекерлеуші Сақтаған Назарбай.
«Ауылымызда Сақтаған Қарашұлы сияқты дарынды азаматтар жетерлік. Олардың арасында түрлі мамандық бойынша дәнекерлеу, темір және ағаш ұсталары, шаштараз бен етікші, сағат жөндеуші, тіпті атбегілер, басқа да өз ісінің шеберлері еткен кәсібінің нәсібін тауып отыр. Бос уақытын тиімді пайдаланып, ауылымыздың өркендеуіне атсалысып жүрген дарынды жастарымызға қолдау көрсетуде де жұмыстар атқарылуда. Ауылдағы жұмыссыз тұрғындарға қашанда қолдау көрсетілуде. Олардың мал, құс, ауыл шаруашылығымен айналысуына, орта және шағын кәсіпкерлікке бейімдеуге әкімдік тарапынан әрқашан кеңесімізді беріп, жобалар қорғауға атсалысамыз. Оған дәлел, бүгінде дәнекерлеу ісі бойынша мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алған ауылдасымыз Сақтаған Назарбай өзінің кәсібі арқылы нәсібесін тауып отыр. Ауылдастарының дәнекерлеу ісі бойынша тапсырысын сапалы әрі арзанға орындап жүрген ол да, ауылдастары да дән риза. Екі жылдың көлемінде округте дәнекерлеу ісі бойынша ғана емес, жиһазбен айналысатын да, мүйізді ірі қара мен жылқы малын бордақылап өсірушілер саны да көбейді. Тіпті күріштен тәттілер өндіруші, адамға керекті тұрмысқа қолданатын, тұтынатын өнімдер өндіретін, басқа да сала бойынша кәсіпкерлер саны да күнненкүнге артуда», – дейді ауыл әкімі Эльмира Қазиева.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
14 тамыз 2023 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031