» » Темірге тіл, ағашқа жан бітірген Жұбатқан

Темірге тіл, ағашқа жан бітірген Жұбатқан

qarmaqshy-tany.kz Ұсталық – көнеден үзілмей келе жатқан киелі кәсіп. «Ұсталы Ұсталық – көнеден үзілмей келе жатқан киелі кәсіп. «Ұсталы ел озар» дегендей, қазақ халқы темірден түйін түйіп, ағаш ел озар» дегендей, қазақ халқы темірден түйін түйіп, ағаш жонған ісмерді құрмет тұтып, қадірлеген. жонған ісмерді құрмет тұтып, қадірлеген.
Бағзыдан жеткен сақ әшекейлері де, мыңдаған жылдар мызғымай тұрған балбал мүсіндер де осы ұсталардың көз майының еңбегі.
Міне, осындай тарихы тереңнен бойлаған кәсіпті бойына сіңіріп, атадан қалған мұраны кәсіп етіп келе жатқан жанның бірі – ағаш ұстасы Иіркөл ауылының тұрғыны Жұбатқан Алманов.
Оның есімі ауыл тұрғындарына ғана емес, көршілес елді мекен халқына да етене таныс. Өйткені, ол ағашқа жан бітіріп, темірден түйін түйген кәсіби ұста. Оның қолынан шыққан заттарды көпшілік отбасында тірліктеріне жаратып отыр.
Жақында Жұбатқан ағамыздың жұмысымен танысу мақсатында Иіркөл ауылына барғанымызда оны шеберханасында жұмыс істеп жатқан жерінен таптық. Нақтысын айтқанда, ауыл тұрғынының тапсырысы бойынша киім ілгіш жасап жатыр екен.
Біз ол кісіге келген мақсатымызды айтып болғанша, ағамыз бізді түсінді ме күле қарап сөзін бастап кетті.
«Ал, інілерім қош келдіңіздер» деді де әрі қарай сөзін жалғастырып кетті. «Мен өзімді таныстырар болсам, есімім Жұбатқан, осы ауылдың тумасымын. Балалық пен жігіттік шағым осы ауылда өтті. Өстім, өндім. Аллаға шүкір, біреуден ілгері, біреуден төмен ел қатарлы өмір сүріп жатқан жайым бар. Зайыбым Раиса екеуміз 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп, өсірдік. Немере-жиен дегендерден де кенде емеспіз. Мектеп бітірген соң ауылда шаруашылықта механизатор болып еңбек еттім. Кейіннен дәнекерлеуші болып ауыстым. Бірақ, денсаулығыма байланысты шаруашылық басшыларының ұйғарымымен басқа жұмысқа ауыстым. Онда да абыройлы болып, бірнеше рет түрлі деңгейдегі марапатты иелендім. Әкемнен аманатталып қалған ағаш ұсталығымен бала кезден айналысамын. Қазір де осы кәсібімді, сонымен қатар шағын құрылғыммен дәнекерлеушілікпен ауылдастарыма қызмет етудемін», – деді кәнігі кәсіпкер Жұбатқан аға.
Иә, «Кәсіп түбі – береке» деген екен дана қазақ аталарымыз.
Жұбатқан аға өткен жылы ұсталық кәсібін кеңейту үшін мемлекеттің ауыл азаматтарын жұмыспен қамтудағы бағдарламасы бойынша өз үлесін алуда «Ағаш өңдеу» жобасы бойынша қайтарымсыз грант жеңіп алып, бүгінде ауылдастарынан ғана емес, көрші елді мекендерден де есіктерезе, ас үстелі, диван жасау, оны қаптау, басқа да ағаштан жасалатын өнімдерден тапсырыс алуда. Нарық бағасынан арзанға саудалап, сапалы әрі уақытылы орындауда.
«Бірер күн бұрын ауылдас бір інім көне диванын әкеліп тастаған болатын. Күні кеше ғана сол тапсырысты бітіріп, беріп жібердім. Інімнің еңбегіме соншалықты риза болғаны, тіпті берген еңбек ақысынан бөлек үстеме ақша қосып берді. Ағаштан, темірден кез келген адам баласы жұмыста күнделікті қолданатын бұйымдарды жасап беремін. Әзірге тапсырыс берушілерден реніштер естіген жоқпын», – дейді шебер.
Жұбатқан шебердің жұмысымен танысу барысында оның аулалық бақшалығында да болдық. Керемет, шағын бақта не жоқ дерсіз. Онда төге жеміс беріп тұрған алмұрт пен алманың, жүзімнің түр-түрін, шие мен қызыл, сары, қара өріктерді, жидені көріп таң қалдық. Расында да, біз Иіркөл ауылын аралап жүргенімізде мұндай көріністі көргеніміз жоқ еді. Бұл ауылда ауласын жеміс-жидекке толтырған отбасы бірлі-жарым екенін байқадық.
«Ауылда тек мен ғана емес, аулалық бақшасына жеміс-жидек егіп, одан мол өнім алып отырғандар көп деп те айта алмаймын. Жақын арада тұратын Темірхан, Талғат, Әділхан деген ауылдастарым менен жеміс көшеттерін сұрап алып, аулаларына егіп жатады. Сондай-ақ, мекемелерден де келіп, менің тәжірибемді қолданады. Аллаға шүкір, қолдан келген ақыл-кеңесімді беріп, олардың бақшалығында жемісжидектің өскенін тілеймін. Әрине мұның бәрі ұрпағымыздың несібесі, ауылдың көркі. Ауылдастар жиналған той-томалақтарда оларға жеміс-жидек егуді ұсынып отырамын» деді ол.
Иә, «Қолы ұста адамның қойнында алтын бар» дейді дана халық. Тілшілік тірлігіміздің жалғасы Жұбатқан ағаның үйінде отанасы Раисаның жайған дастарқанында жалғасты. Осы жерде ерекше айта кетерлік бір жайт, біз үйге кіргенімізде бөлмелерде оның қолымен жасалған тұрмысқа қажетті ою-өрнекпен безендірілген диван, орындықтар мен шкаф сияқты түрлі ағаш бұйымдарын көріп, таң-тамаша болдық. Әңгіме барысында Алмановтар отбасы тек осы кәсіппен ғана емес, мал шаруашылығынан да хабары бар екенін білдік. Олардың бағымында мүйізді ірі қара, уақ мал мен қаз-үйрек, тауық, тіпті бөдене де бар екен.
«Отбасы иелігінде біршама ірі қара, уақ малымыз бар. Тауық пен үйрекқаз да жетерлік. Керек кезде оларды ас-қатыққа со йып та аламыз. Айран, қатық, құрт дегендер күнделікті жайылған дастарқанымыздың сәні. Жуырда едәуір банкі шие, сары өріктен тосап, кампот қайнатып алдым. Енді алма мен алмұрт, қара өрік пен жүзімнің кезегі келіп тұр. Алла қаласа олардан да көптеп тосап, кампот қайнатып аламын. Пәтшағар, немерелер мен жиендер келгенде алдымен «әже айран бер, кампот бар ма?» деп сұрайды», – дейді бақытты отанасы Раиса.
Міне, осындай тындырымды тірлігімен ел құрметіне бөленген Жұбатқан аға мен отанасы Раисаның бақытты шаңырағында өсіп-өнген Ақжарқын есімді қызы ұстаз, ұлдарының үлкені Рүстамхан аудандық электр желілері торабында маман, ал қолқанаты Дастаны ауылдық әкімшілікте қызмет істейді.
Ағамыздың отбасында болға нымызда оның есімі елге танымал ақын Мәди Қайыңбаевтың туған інісі екенін де білдік. Жұбатқан аға бізге қойын дәптерінен туған жер, табиғат, өмір жайлы, туған-туысқа арнауларын, жалпы ақын жүрегінен шыққан бірнеше өлеңін оқып берді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
06 тамыз 2023 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031