» » Темірден түйін түйген

Темірден түйін түйген


Жас та болса өзінің еңбекқорлығымен елге танылып жүрген азаматтардың бірі Амандық Әлиевтің есімі Жосалы кенті тұрғындарына, әсіресе, көлік тізгіндегендерге етене таныс. Жастайынан темір-терсекке жақын болып өскен Амандық Алпамысұлы өсе келе мектептегі білімін тәмамдаған соң, Отан алдындағы әскери борышын өтейді. Елге оралады да токарьлық мамандықты игеруде заманында атағы КСРО-ға танымал болған әйгілі Жосалы механикалық зауытына жұмысқа қабылданады.  
Сол жылдары аудандағы кә­сіпорындар мен мекемелер­де көптеген жұмысшылар қыс­қартуға ұшырап, жұмыссыз қалды. Сондай жағдай зауытта да орын алды. Зауыт өнім беруін азайтуының салда­ры­­нан жұмысшыларын да қыс­­қартты. Айлық мөлшері азай­­ды. Бі­рақ, осындай қиын жағ­­дай­ды басынан өткерген жұ­­­мыс­­шы­­лар бәріне шыдап, ел­мен бірге еңбек етті, өмір сүрді. Олар­­дың қатарында өзі­­нің еңбек­қорлығымен, жа­у­­ап­­кер­шілі­гімен ұжымда бе­­дел­­ге ие болған Амандық Ал­па­мыс­ұлы да бар еді.
Сол жылдары аудан тұрғын­дарына «Автобаза» атауымен танымал болған кәсіпорынға токарь мамандығымен қызмет­ке орналасқан ол еңбек тә­жі­рибесінің арқасында көлік жүргізушілер ортасында да абы­ройлы болды.
Амандық еңбек еткен «Автобаза» жұмысын тоқтатқан соң, ол бірнеше мекемеде то­карь болды.
Өз ісінің шебері бүгінде «Октябрь топтық су құбыры» мекемесінде еңбек етіп келеді. Күндіз жұмыста ұжым бас­шылығы міндеттеген жоспарды мінсіз орындаса, кешке өзінің жеке токарьлық шеберханасында ауыл-аймақ тұрғындарына қызмет көрсетеді. Одан қал­ды Амандық дәнекерлеу ісі мен ағаш ұстасы кәсібін де меңгерген. Темірден түйін түй­ген кәнігі шебер тұтынушылар берген тапсырыстарды сапалы әрі уақытылы орындайды.
Біз барғанда есік алдында жартылай дайын дарбазаны дә­некерлеп жатқанының үстінен түстік. Ұстаны әңгімеге тартып, күнделікті ты­ныс-тір­шілігі туралы сұхбат алып отыр­ғанымызда қолына автокөліктің болтын ұстаған орта жастағы ер адам кірді. Амандық-сау­лықтан соң, автокөлігі көшеде бұзылып, бұзылған кө­ліктің болтының жарамсыз болып қалғанын айтып, жаңадан жонып беруін өтінді. Істеп жатқан жұмысын дереу тоқтатып, тапсырысын орындауға шеберханасына кір­­­ді. Төрде тұрған станокты қосты. Арада бес-он минут өткен соң қолына манағыдай болт­тың су жаңасын ұстап шығып, тұтынушыға ұстатты. Ал, өз кезегінде жұмысының тез әрі сапалы біткеніне қуанған жолаушы Амандыққа алғысын айтып жатты.
– Міне, менің тірлігім осы. Көбіне келетіндер – көлік жүргізушілері. Олар жаңағы жо­лаушы сияқты болт, гайка, втулка сияқты жарамсыз болып қалған бұйымдарды жаңартып әке­теді. Араларында еңбегімді баға­лайтындар да бар. Кейбірі кө­бірек береді, кейде ақшалары болмай қалатындар да кез­деседі. Оларға түсіністікпен қараймын. Осының арқасында болар, дос­тарым да көп, ағайын-ту­ыс, көрші-көлеммен татумыз. Көршілердің күнделікті тұр­мысқа қажетті құралдарын да жөндеп беру менің міндетім, – дейді шебер.

Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
Қармақшы ауданы.
31 тамыз 2019 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728