» » Бір жәдігер сыры

Бір жәдігер сыры

ҚАЗАҚ ҰҒЫМЫНДА ҰСТАЛЫҚ – КӨНЕДЕН ҮЗІЛМЕЙ БІР ЖӘДІГЕР СЫРЫ КЕЛЕ ЖАТҚАН КИЕЛІ КӘСІП. ХАЛҚЫМЫЗ ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙІП, АҒАШ ЖОНҒАН ІСМЕРДІ «ТЕМІРШІ», «ДАРҚАН», «ҰСТА» ДЕП МӘРТЕБЕЛЕГЕН. ОСЫҒАН СӘЙКЕС ӘЙГІЛІ МАХМҰД ҚАШҚАРИДЫҢ «АҒАШТЫ ҰЗЫН КЕС, ТЕМІРДІ ҚЫСҚА КЕС» ДЕГЕН ҰСТАЛЫҚҚА АЙТҚАН НАҚЫЛ СӨЗІ ЕЛ АУЗЫНДА. КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ТҮРЛІ ӘШЕКЕЙЛЕР, МЫҢДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ МЫЗҒЫМАЙ ТҰРҒАН БАЛБАЛ МҮСІНДЕР ОСЫ ҰСТАЛАРДЫҢ КӨЗ МАЙЫНЫҢ ЕҢБЕГІ. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН НЕБІР ҰСТАЛАР МЕН ҒАЖАП ҰСТАХАНАЛАРДЫҢ БОЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ТІПТІ СЫР АЙМАҒЫНДАҒЫ ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ТЕМІР ҰСТАЛАРЫН БІРІ БІЛСЕ, БІРІ БІЛМЕС.
Жақында редакциямызға кент тұрғыны Аяш ақсақалдан хабар келіп түсті. Оның айтуынша елге белгілі ұста болған әкесі Сәдуақастан бірқатар жәдігер қалған. Ол – дүкені мен от үрлейтін көрігі және құрал саймандары. Әкесі соғыс кезінде тылда еңбек етіп, ұсталықпен айналысқан.
1930 жылдары Сәдуақас Елемесов Сағанай көпірінің аузында өзі тақуа, бес уақыт намазы мен оразасы түгел Садық деген кісіге шәкірт болып, ұсталық өнерді үйреніпті. Кейін 1935 жылы Сүлеймен ағасы 2 түйемен 12-ші ауылға көшіріп әкеледі. Осында қоныстанған Сәдуақас ұсталықты бастап, қолдан соқа, кетпен, орақ, шалғы жасайды. 1940 жылы ұстаны әскерге шақыру жөнінде хабар келеді. Оны естіген колхоз басшысы әскерге жібермей алып қалыпты. Жібермеген себебі ол кезде ауылда техника жүргізетін маман мен ұста қалсын деген талап болса керек. Бірақ інісі Жақсылық сол жылы әскерге кетіп, әрі қарай Вьетнам соғысына қатысады. Араға бір жыл салып інісінен қаралы хабар келеді. Уақыт өте Сәдуақас Ленин, Карл Маркс колхоздарында ұста болып, шаруашылықта қызмет етеді. Сол жақта зейнетке шығып, кейін ауданға көшіп келіп, 1976 жылы дүкенін салып, ұсталық өнерін жалғастырады. Тағдырдың жазуымен 1991 жылы ұста өмірден өтіп, баласы Аяшқа ұстахана құрал сайманымен мұра болып қалады.
Аяш ақсақалға ұсталық өнер әкесінен қонған. Алайда темірден гөрі ағаштан бұйым жасауға шебер болыпты.
– Менің негізгі қызметім жүргізуші болды. Көп жыл ауылда шопыр болдым. Түрлі техникалар тізгіндедім. Әкеме де көмектестім. Дүкенінде көрік басып, отқа қызған темірді қосқол балғамен ұрып беретінмін. Маған темірге қарағанда ағашпен жұмыс істеу әлдеқайда оңай болды. Қолдан шкаф, сандық жасадым. Бірақ темір соғып, одан құрал жасауға келгенде тосылып қалатынмын, – дейді ол.
Халық танымында ұста мен оның құралдары киелі саналады, түрлі жамандықтан сақтайды деген сенім бар. Себебі ұсталық Дәуіт пайғамбардан қалған қасиет. Сәдуақас ұстаның дүкенінде ерекше тылсым құбылыстар болып тұрады екен. Бірде түн жарымда ұстаханаға екі ұры түсіп, ішінен фләк, самаурын, шәйнекті алып бара жатса артынан «таста» деген айқайлаған дауыс шығыпты. Оны түнде далаға шыққан Зейнулла деген көршісі байқап қалыпты. Әлгі ұрылар дауысты естіп қаша жөнеліпті. Азанда үйдегі апамыз сиыр саууға далаға шықса есік алдында ұрланған заттар сол қалпында тұр екен.
– Бала күнімде дүкеннен тылсым дыбыстар шығатын. Үйімізге ұстахана жапсарлас болғасын балға мен төстің гүрсілдеген даусы естілетін. Әкемнен «ұстаханада кім жұмыс істеп жатыр?» деп сұрағанымда «дүкеннің егесі ғой» дейтін. Одан бөлек бала көтере алмай жүрген келіншектер әкемнің дүкенінде түнеп, Құдайдан бала тілейтін. Мына құдіретті қарасай, осыдан кейін әлгі келіншектің көтеріп, бала сүйіпті дегенді еститінмін. Сәдуақас әкем өте таза кісі болды. Өмірден өтер шағында қамыстан жатын орын жасап, ұстаханасында түнеп жүрді. Өзі де «мені осы жерден шығарыңдар» деп айтып кетті. Біз сол өтінішін орындап, денесін дүкенінен шығардық, – деді Аяш ақсақал.
Аяш Сәдуақасұлы әкеден қалған көне жәдігердің қасиетін ескеріп, ендігі жерде кімге қалдырарына алаңдапты. Үлкендер оны бейітінің қасына қой десе, енді бірі үйдің төбесіне шығарып таста десіпті. Алайда оның таза жерде тұруын қалаған Аяш ақсақал мен Жаңыл апамыз көрік пен құрал-саймандарды аудандық музей қорына өткізуді жөн санапты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
18 қыркүйек 2022 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 302

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 399

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930