» » Шағын және орта кәсіпкерлік – бүгінгі күн мәселесі

Шағын және орта кәсіпкерлік – бүгінгі күн мәселесі

qarmaqshy-tany.kz Жалпы алғанда Төребай би ауылы тұрғындары арасында мал және бақша кәсібі жақсы дамыған. Ал, тауар айналымы, нақтысын айтқанда азық-түлік және басқа та тұрғындар күнделікті тұрмысқа қолданатын тауарлар бойынша осы ауылда Шынар Ідірісованың есімі мақтанышпен айтылады.
Кеңес Одағы кезінде ауылдағы селолық кооперативте сатушы болып еңбек жолын бастаған жеке кәсіпкер Шынар Жақсылыққызы еліміз егемендік алғаннан соң да осы мекемеде ауыл тұрғындарына сауда саласында ұзақ жыл қызмет етті. Бірақ, еңбек еткен мекемесі араға жылдар салып жабылып қалған соң, Шынар ойлана келе жеке кәсіпкер ретінде ауыл орталығынан шағын сауда орталығын ашып, ауылдастарына қызмет ете бастайды. Бұл 2004 жыл болатын. Осы аралықта жеке кәсіпкер жерлестерін өзі ашқан сауда-саттық дүкеніндегі күнделікті тұтынатын тауарларымен қамтамасыз етуді қолға алады. Сөйтіп ауылдастарын көптен мазалап жүрген мәселесінің шешілуін жүзеге асырған. Кәсіпкер ретінде де, ауыл жанашыры ретінде де Шынар Жақсылыққызы өзі мекендеген елінің өсіп-өркендеп, гүлденуіне үлгілі істерімен көрініп, ел құрметіне бөленуде. Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға демеушілік жасауды басты міндетім деп санайды. Ауылда өтетін қоғамдық жұмыстардың белсендісі ретінде Шынар Ідірісованың есімі көптің аузынан түспейді.

«Жеке кәсіпкер ретінде алға қойған жоспарлар көп. Оның орындалуы алдағы жылдың несібесінде. Ауылдастарым өздеріне керекті тағамдарды мен арқылы тапсырыс беріп алдырады. Басты міндетім — тұтынушылар талабын орындау. Тауарларымның да бағалары көңілге қонымды. Ауылдастарымды мүмкіндігінше ренжіткім келмейді. Қолдан келген көмегімді көрсетіп келемін. Жоспар да жоқ емес. Ауыл әкімдігі қызметкерлеріне алғысым шексіз. Олар әрдайым кәсібімнің алға жылжуына қолдау көрсетуде. Жоба да жасауға көмектесіп жатыр. Алла қаласа алдағы уақытта кәсібімнің өрісін кеңейткім келеді», – дейді кәсіпкер.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
27 шілде 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728