» » Жаңа сауда үйі ашылды

Жаңа сауда үйі ашылды

Төретам кентінде «Анель» сауда орталығы тұрғындарға есігін айқара ашты. Шараның ашылу рәсіміне аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жаңа сауда үйінің тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін білдіріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Сауда үйінің иесі, жеке кәсіпкер Жанар Разақбергенқызы 2013 жылдан бастап текстиль және ыдыс-аяқ сататын дүкен ашып, ауданның экономикасын дамытуға өз үлесін қосып келе жатқан кәсіпкер. Ол жаңа ғимаратта халық игілігіне қызмет жасауға 15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Екі қабатты заманауи сауда орталығының бірінші қабатында азық-түлік тауарлары сатылса, ал екінші қабаты қызмет көрсету орындарына арналмақ.
Жеке кәсіпкердің жаңа бастамасына кент ақсақалдары атынан ардагер Әмидулла Нағыметов батасын беріп, берекелі болуын тіледі.
Сауда нысаны алдағы уақытта аудан экономикасының әлеуетін арттырып, сауда бәсекелестіктігін дамытуға және баға тұрақтылығын сақтауға септігін тигізетін болады.
А.САҒЫНТАЙ
07 наурыз 2023 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930