» » Төретам кентінде «Анель» сауда үйі ашылды

Төретам кентінде «Анель» сауда үйі ашылды


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы Төретам кентінде «Анель» сауда үйі ашылды.
Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жаңа сауда үйінің тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін білдіріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
Одан соң, Төретам кенті ардагерлері кеңесінің мүшесі Амидулла Нағыметов ізгі лебізін білдіріп, батасын берді.
Ашылу салтанатынан кейін, аудан басшысы сауда үйін аралап, ғимараттың жұмысымен танысты.
Ауданда кәсіпкерлікті дамытуға арналған жан-жақты қолдаулардың нәтижесінде кәсіппен айналысуға ниетті азаматтардың саны артып, кәсіпкерлік нысандар көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда.
«Анель» сауда үйінің иесі жеке кәсіпкер Жанар Разақбергенқызы 2013 жылдан бастап текстиль және ыдыс-аяқ сататын дүкен ашып, ауданның кәсіпкерлігін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі ашылған жаңа ғимаратта халық игілігіне қызмет жасауға 15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Жаңа сауда үйі алдағы уақытта аудан экономикасының әлеуетін арттырып, сауда бәсекелестігін дамытуға және баға тұрақтылығын сақтауға септігін тигізетін болады.
04 наурыз 2023 ж. 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30