» » Сауда саласы қарқынды дамуда

Сауда саласы қарқынды дамуда

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында жылдан жылға кәсіпкерлік саласы, оның ішінде сауда саласы қарқынды дамып келеді. Соның дәлелі ретінде сауда саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан жеке кәсіпкер Тоқсанбаева Нағима ханым 2013 жылдан бастап «Адина» шағын киім-кешек дүкенін ашудан кәсіп жолын бастаған болатын.

Қазіргі уақытта осы кәсібі кеңейіп, бірнеше «Адина» сауда дүкендерінің иесі ретінде халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Бүгінгі күні, бұл жүйелі кәсіп жалғасын тауып, жеке кәсіпкер Тоқсанбаева Нағима заңнама талаптарына сай келмейтін Жосалы кенті, Е.Сексенбаев көшесі №3 мекенжайында орналасқан «Таңсықбай» сауда базарын сатып алып, заманауи талаптарға сай етіп, екі қабатты «Адина» сауда үйінің құрылысын салуды қолға алып, сауда үйінің іргетасын қалау салтанатын атап өтті.

Бұл қуанышта аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы, ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар және "Қармақшы-Даму" Қармақшы аудандық кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаржаубаев Алмасбек Жұбанұлы жеке кәсіпкер Тоқсанбаева Нағиманы жаңа бастамасымен құттықтап, алғашқы іргетасын қалады.

Сауда үйінің жалпы құны 150,0 млн теңгені құрайды. Қосымша жобаға «Өңірлік инвестициялық орталығынан» 50,0 млн теңге көлемінде несие қаражатын алды. Жоспар бойынша сауда үйі іске қосылғанда 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Сауда үйінде қойма, дәмхана, наубайхана және маусымдық киімдер мен тұрмыстық заттар сатылатын болады.
14 шілде 2023 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 23
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031