» » Ауылдағы әмбебап дүкен

Ауылдағы әмбебап дүкен


Азық-түлік, тұрмыстық тауарлар мен киім-кешек. Мұның бәрін бір дүкен ішінен тапсаңыз, керемет емес пе?! Осыдан аз уақыт бұрын Иіркөл ауылына сапарлатып барған едік. Ауылдағы "Раушан әже" дүкенге бас сұғып, сөрелерде тұрған заттарды көріп, таң-тамаша болыстық. Ағылып жатқан адамдардан біз де кезегімізді күтіп тұрдық. Апырмай-ау, аудан орталығынан іздеп таба алмайтын кей дүниелерді мұнан оп-оңай табуға болады дестік. Ауыл деген аты болмаса қаладағы дүкеннен кем түспейді.
Дүкен иесі ауданға белгілі кәсіпкер – Рабиға Балғабаева. Өзінің туған ауылынан дүкен ашуды ойлаған ол 2015 жылдың наурыз айында жаңа дүкенді пайдалануға береді. Алғашқыда дүкенге "Мағжан" атауын берсе, кейіннен анасының құрметіне "Раушан әже" деп қояды.
Кәсіпкер ауылдағы тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға ылғи көмек көрсетіп отырады. Ауылға заттарды күнделікті жіберіп отыратынын да тілге тиек етті.


– Алғашқыда оңай болмады. Дүкенді жабу туралы да ой келді. Дей тұра ауыл тұрғындары ауданға сабылмай, осы дүкен арқылы керегімізді алып отырмыз деген соң жаба алмайтынымды ұқтым. Әрине, бір ауылда бір дүкен керек қой. Мұнда керектінің бәрі бар. Күн сайын қажетті азық-түліктерді жіберіп отырамыз, – дейді дүкен иесі.
Ғалия Елеусінова дүкен ашылғалы бері осында сатушы болып еңбек етіп келеді. Ауылдан заманауи үлгідегі, барлық керек-жарақ табылатын дүкеннің болғанына ол да қуанышты.
– Дүкеннің іші таза, жылы. Сондай-ақ жұмыс уақыты қолайлы. Биыл ашылғанына 6 жыл болады. Сол уақыттан бері дүкеннен адам үзілген емес. Оның бір себебі – жаңа тауарлар мен қолжетімді баға деп ойлаймын. Бізге заттар күнде келеді. Нан мен күнделікті тұтынатын тауарлар аудан орталығынан жылдам жетіп отырады. Осыған ауыл тұрғындары да үйренген. Ыдыс-аяқ, киім-кешектің бәрі дүкеннен табылады, – дейді сатушы.
Иә, бұл расымен шағын ғана ауыл. Мұнда тек жалғыз дүкен бар. Ауыл адамдары керек-жарағын осыннан табады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 ақпан 2021 ж. 1 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031