» » ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН БІЗДЕ ДЕ БАР

ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН БІЗДЕ ДЕ БАР

Инстаграмнан көйлек іздейтін әдет жалғыз менде емес шығар, бәлки?! Себебі, іздеу батырмасын шертіп-ақ қалауыңыз бойынша түрлі киім таңдау мүмкіндігі бар. Оның өзіндік жеткізуі де бар. Сұрасаңыз көбі белгілі мекен-жайдың жоқ екенін айтып, үйінен сататынын жеткізеді. Демек, бұл – интернет-дүкен.

Жалпы интернет-дүкен дегеніміз не? Бұл қаншалықты тиімді?  Әлемдік е-коммерция дамудың үстіне қарыштап дамуда. Онлайн-саудасы дамыған алпауыт мемлекеттердің ең алдыңғы орнында 681 млрд. доллармен Қытай тұр. Одан соң АҚШ, ал үшінші орын Ұлыбританияға тиесілі. Әлемдік үздік интернет-дүкендерге Қытай мен АҚШ мемлекеттерінің еншісіндегі компаниялар кіреді. Мәселен, қытайлық компания Алибаба, AliExpress, АҚШ мемлекетіне тиесілі Zappos, Ebay, Amazon, Itunes және т.б. Сондай-ақ, соңғы кездері жарнамасы көз тартар «Joom» интернет-дүкенін де қолданушылар қатары көбейген. Ал елімізде қалай? Біздегі онлайн-сауда нарығы жыл сайын 30 процентке артады. Ондағы ең ірі интернет-дүкен – Satu.kz. 2017 жылы қазақстандықтар осы дүкенге 20,144 млрд теңге қаржыларын жұмсап, 508 мың тауар сатып алыпты. 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 млрд теңгені құраған. Ал, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 млрд теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 процентін көрсеткен. Қазақстандағы интернет-дүкендердің ондығына – Технодом, Lamoda Қазақстан, Kaspi, Yves Rocher, Tickets.kz, Aliexpress, Flip.kz, Sulpak.kz, Chocotravel.com, Otto-trade.kz кіреді.
Әрине, бұл қалалық жердегі нарыққа таптырмас сауда көзі. Елдің түкпір-түкпіріне жеткізу қарастырылған. Дегенмен бұл саудамен айналысқысы келетін ауылдағы жандар аз емес. Ауданның өзінде бір емес бірнеше интернет-дүкен бар. Әлгі «Play Market»-тен жүктеп, бағдарламасына кіріп, шертіп отырып киім таңдайтын жүйе болмаса да, қарапайым әлеуметтік желілерден парақша ашады. Киімдердің суретін жүктеп, жарнаманы «өлтіреді». Әсілінде «біздің базардағыдай» емес, корей үлгісіндегі ерекше киімдерге оңай тапсырыс бере аласыз. Солардың бірімен әңгіме-дүкен құрмаққа Вконтактедегі ОЛХ тобын аштық. Іздеуден интернет-дүкендерді қарадық. Нәтижесінде «Қармақшы дүкен» атауымен белгілі онлайн-дүкен ауылдағы қаралымның жоғарғы сабында тұр.
Бұл дүкенді осыдан екі жыл бұрын аштым. Декреттік демалыста болған соң үйде бос отырмаудың жолын іздедім. Қалай пайданың көзін табамын деген ой санамнан кетпеді. Нәтижесі міне, интернет-дүкенімді дамытып отырмын. Баста әрине, тұтынушылар сенімсіздік танытты. Бертін келе тапсырысы ойынан шыққан соң, көзқарасын өзгерте бастады. Қазір дүкеннің тұрақты тұтынушылары бар. Өз аудиториясы қалыптасқан, - дейді «Қармақшы дүкен» интернет-дүкенінің иесі Ақнұр Ахметова.
Оның айтуынша табыс көзі тұрақты емес. Себебі осы айда 30 мың теңгеге сауда жасасаңыз, келесі ай ол 10 мың ғана болуы мүмкін. Демек бұл тек – қосымша табыс көзінің бір түрі.
Интернет-дүкеннің артықшылығы қандай? Егер бұл дүкенді ашатын болсаңыз сізге тауар сататын арнайы орын, болмаса дүкен керек емес. Барлығын ғаламтор арқылы сатып, ақшаңызды алып отырасыз. Сондай-ақ, тұтынушы сізді ғаламтор арқылы тауып, зат туралы кез келген уақытта ақпаратқа қанығады. Оңай көріне ме? Енді мұның кемшілігіне тоқталайық. Қазіргі нарықта бәсеке жоғары. Сол үшін өзгелерден ерек болуыңыз керек. Кез келгені ғаламтор арқылы қалай сауда жасау керек екенін білмейді. Бірақ соңғы статистика бойынша ғаламтор арқылы тапсырыс беретіндер саны күрт өскен. Ал интернет-дүкен ашу үшін не істемек керек? Ең алдымен сататын тауарыңызды анықтап алыңыз. Дүкенде әр-түрлі тауар сатқаннан гөрі бір типке жататын затты таңдаңыз. Мәселен, қалтафон сататын интернет-дүкенде киім сату тиімсіз. Одан соң сайт ашу тиімдірек. Оны web-студияларға жасатуға болады. Сайт жасалып болған соң ішіне тауарларыңызды орналастырыңыз және телефон номеріңізді жазуды да ұмытпаңыз. Айтпақшы, желілердегі аккаунтыңыз белсенді болғаны жөн. Ең бастысы – жарнама. Яки жарнамаға адам тарта білсеңіз ғана, бәсекесі мықты нарықта саудаңыздың көзін аша аласыз.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
04 сәуір 2019 ж. 1 949 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031