» » Электронды саудаға жеңілдік

Электронды саудаға жеңілдік

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа салық кодексі электронды алаңда сауда жасайтын кәсіпкерлер үшін жеңілдік ұсынып отыр. Интернет-дүкендер арқылы сауда жүргізетін заңды тұлғалар корпоративті табыс салығынан, ал дара кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылады.
Электронды алаңда сауда жасайтындар табыс салығынан жеңілдікті алу үшін үш шартты сактауы тиіс: біріншіден, есеп айырысу қолма қол төлемсіз жүргізіледі; екіншіден, сатып алушымен келісім онлайн тәртіпте жасалуы керек; үшінші шарт – кәсіпкердің тауарды тасымалдауға, салып жіберуге және жеткізіп беруге құзыретті өз қызметі болуы керек.
Бұл талаптар кәсіпкерге интернет алаңында өз бизнесін заңды жүргізуге мүмкіндік бере отырып, сатып алушының да мүддесін қорғайды.
Ендігі бір маңызды талап – жеке тұлғалармен жасалған электрондық саудадан тапқан табысы жылдық жиынтық табыстың 90 процентінен кем болмауы керек.
Электронды сауданың дамуы – төртінші өндірістік революция кезеңіне, яғни технологиялық, экономикалық жэне әлеуметтік зор өзгерістерге қадам жасап отырған Қазақстан сияқты мемлекеттің басым бағыттарының бірі.
Интернет арқылы тауар алуды таңдаған сатып алушыларға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталынан (kgd.gov.kz) интернет-сауданы заңды жүргізетін тұлғалар тізімін көруге болатынын ескертеміз.

Г.Утешова,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы.
26 ақпан 2019 ж. 1 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031