» » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕРЕК КЕҢЕС

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕРЕК КЕҢЕС


    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Айзада Есенбаева салық мәселесіне қатысты палатаның баспасөз қызметіне сұхбат берген еді. Назарларыңызға сол шағын сұхбатты ұсынамыз.    
- Кәсіпкерлерді толғандыратын сауалдың бірі бұл салық мәселесіне қатысты екендігі белгілі. Биылғы жылы Салық кодексінде қандай да бір өзгерістер енгізілді ме?
    - Кәсіпкерлердің басым бөлігі салық режимінің арнайы салық режимін қолданады. Оның ішінде патент, яғни оңайлатылған деклорацияны қолданады. Айта кетейік, биыл жаңа жылдан бастап патентке өзгерістер енді. Патенті бар кәсіпкер дегеніміз – бұл кәсіпкерлік формасында бір ғана адам – кәсіпкердің өзі ғана жұмыс жасай алады, қосымша жұмысқа ешкімді ала алмайды және бір бағытта ғана жұмыс жасайды. Мәселен, осы патентті көбіне сауда қатарындағы, базардағы кәсіпкерлер, сондай-ақ таксистер жиі қолданады. Патенті бар кәсіпкерлер үшін биылғы өзгеріс, оны жаңалық десек те болады – әлеуметтік салық қысқартылды. Себебі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандырудың қосылуына байланысты бұл кәсіпкерлерден әлеуметтік салық алынып тасталды. Бұл кісілер (кәсіпкерлер) қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда бұрын жалпы табысынан 2 пайыз салық төлейтін. Сол екі пайыздың – бір (1) пайызы табыс салығы, ал қалған бір (1) пайызы әлеуметтік салық.
    Міне, осы медициналық сақтандыруға байланысты кәсіпкерлерге берілген жеңілдік әлеуметтік салық алынып тасталды. Бірақ, егер де кәсіпкерлер қолма-қол ақшамен жұмыс жасаған жағдайда 2 пайыз жеке табыс салығын төлейді. Биылғы жылға 2018 жылға жаңадан салық режимі қосылды. Бұл салық режимі бойынша 50 адамға дейін қызметкер алуға болады және табысы 300 млн. теңгеге дейін болуы қажет.
    - Кәсіпкерлер үшін өте маңызды мәселе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты. Өткен жылы арнайы реформа болды. Бірақ Елбасының тапсырмасы негізінде бағдарлама уақытша тоқтатылды. Осы мәселеге қатысты кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақ: «Медициналық сақтандыру қорына қаржыны төлей береміз бе, әлде тоқтатамыз ба?». Осы жағын ашып айтып бересіз бе?
    - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Заң өткен 2017 жылы 1 шілде күні күшіне енді. Содан бері кәсіпкерлер айына 2446 теңге, яғни ең төменгі айлық көрсеткішінің екі еселенген 5 пайызын төлеп келген. Мұндай көлемді кәсіпкерлер соңғы 6 ай көлемінде төледі. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытша тоқтатылды, 2020 жылға дейін.
    Тек айта кететін бір мәселе, кәсіпкерлер қарамағындағы жұмысшыларына 1,5 пайыздан төлеп отыруы тиіс.
    - Кеңесіңізге рақмет.

27 наурыз 2018 ж. 1 300 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 15:06
Depakote Er Nonprescription Levitra Compresse Comprar Cialis Disfuncion Erectil cialis vs viagra Propecia Pill 1 Mg Levaquin Where To Purchase Tanning Amoxicillin

StevMype от 8 мамыр 2019 13:38
Propecia Woman Cephalexin And Yeast Infections Perfect Rx Tadalafil zoloft Cheap Viagra Us Companies Only Dutas Barato Where To Order Fedex Macrobid Furadantin Minnesota

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031