» » ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ

ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ

       «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» НОМИНАЦИЯСЫ кәсіпкер ана Рабиға Жайбергенқызы Балғабаеваға бұйырды. 
1994 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып тіркеліп, кент орталығынан «Мағжан1», «Мағжан2», азық-түлік, тұрмыстық-техника сататын дүкендер мен «Мағжан» наубайханасын ашып, жұмыс жасап келеді. Сол уақыттан бері кәсіпті дамытып, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Жеке кәсіпкер Жосалы кентінде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасыларына әр атаулы мереке сайын азық-сыйлық үлестіріп отырады. Аудан көлеміндегі 12 орта мектептің әрқайсынан бірнеше баланы оқу құрал-жабдықтары мен киім-кешекпен қамтамасыз етіп, тегін ыстық тамақ беріп келеді. Сонымен қатар жыл сайын мектеп оқушыларына жазғы демалысқа лагерьге жолдама алып беруге қаржылай көмек көрсетеді. Жүрегі кең, қайырымды жан көпке көмек беруден аянып қалған емес. Ағымдағы жылы облыстық «Іскер әйелдер форумына» қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
04 тамыз 2019 ж. 1 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 108

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 473

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031