» » "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

"Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шараға қалалық әкімдіктің басшылары, қызметкерлері, мәслихат депутаттары, кент ауыл әкімдері, кәсіпкерлер, қолы кең жомарт азаматтар қатысып қаржылай көмектерін берді.

Қала бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айырылған қарттар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, мүгедек, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетілді.

Аймағымызда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде қаладағы қайырымды жандармен тұрмысы төмен мыңдаған отбасына көмек көрсетілді. Осындай шараны өткізу Жаңа жыл мерекесінде де ұмыт қалған жоқ.

Корпоративтік кештерді өткізуден бас тартқан қалалық әкімдік осындай сауапты қайырымды істерімен жерлестеріміздің алғысын алды.
Жаңа жыл мерекесі баршаңызға құтты болсын. 2019 жыл әрбір шаңыраққа құт-береке несібесімен келсін!


30 желтоқсан 2018 ж. 2 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 984
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031