«20 қайырымды ісі» акциясы
Бүгін «Нұр Отан» партиясының «20 қайырымды ісі» акциясының аясында көмекке мұқтаж азаматтар үшін қайырымдылық шарасы болып өтті.
«Нұр Отан» партиясының Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада түрлі жағдайлармен тағдыр тауқыметін сезініп жүрген жандарға Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік түрінде және қаржылай көмектер көрсетілді.
Акция барысында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Бекпанов бүгінде құзырлы органдар тарапынан мұқтаж азаматтарға тиісті әлеуметтік көмектер төленіп, қызметтер көрсетіліп жатқанын жеткізді. Дегенмен де, атымтай жомарт азаматтар әлеуметтік көмекті қажет ететін топтардың жағдайына бей-жай қарамай акцияға белсенді қатынасқанын атап өтті. Әрі қарай, Б.Бекпанов қоғамымызда осындай мейірімді, адамгершілігі мол, қамқор жандар көп болуын тілеп, оларға мұқтаж жандарға жәрдем бергендері үшін рақмет айтып, филиал тарапынан да көмек ұсынды.
Акцияға қатысушы мекеме, кәсіпорын басшылары мен облыстық, аудандық мәслихат депутаттары: Ә.Дәуленбаев, Ж.Тілеуғабылова, Г.Раева, О.Каташев, Қ.Ералиева, Т.Кеулімжаев, Ә.Қорғанбаев, А.Бекишев, Қ.Мүсіркегенов, Р.Галиулина, А.Сәденова, И.Қабатова, Д.Енсепов көмек алушыларға ізгі лебіздерін білдіріп, арнайы дайындалған көмектерін берді.
Сонымен бірге, елжанды азаматтар Е.Қалиев, О.Қарашолақов, Н.Орымбаев, К.Калилаев, Ш. Ұзақова, Е.Жолдасбаев, Ғ.Ұзақбаев, Б.Қапанова қаладағы көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне апарып өз жәрдемдерін табыстады. Сондай-ақ, партияның Төретам, Ақай елді мекендеріндегі БПҰ төрағалары мен әкімдерінің ұйымдастыруымен 47 отбасына қайырымдылық жасалды.