» » Ауыл азаматтары ас берді

Ауыл азаматтары ас берді

Қазақта «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген тәмсіл бар. Алладан кейінгі киелісі – ата-анасын ғана емес, жеті атасын түгел сыйлауы, дүниеден әлдеқашан өтіп кеткен әруақтарға дұғасын бағыштау, адам баласының имани дүниесінің қаншалықты тереңде жатқанын аңғартса керек. Бұл тұрғыда әруақ алдындағы қарызын өтеп, жан дүниесі тыныштық табуы, ар алдында таза болуы – тірілер үшін үлкен сауап.
Осыған орай ауданымыздағы 16-ыншы ауыл азаматтары игі бастама көтеріп, Ә.Жанәділов көшесінде Құрбан айт мерекесіне орай өмірден өткен мүміндердің рухына арнап ас берді. Ізгілік жолдан жаңылмаған ел ағалары жиналған жұртқа қазан көтеріп, дастарқан жайды.

Жиынға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сақтапберген Медеуов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев қатысып, азаматтардың Құрбан айт күні жақсы іс көтеріп жатқанын, сондай-ақ өнегелі шара өзгелерге үлгі боларлық дүние екенін тілге тиек етті. Дастарқаннан дәм татқан тұрғындар ұйымдастырушыларға алғысын айтса, кентіміздің абыз ақсақалы Шәкизада Ашабаев ақ батасын берді. Мешіт имамы Камал Махамбетұлы өмірден өткен жандарға Құран бағыштады.

Ел ағалары Құрбан айт күні ас берумен шектеліп қалмады. Шараның өтуіне атсалысып жүрген азаматтар Арзабек Оразәлиев пен Қайырбек Шынжырбаев ұйымдастырушылар атынан сөз ссөйлеп, іс-шараның өткізілу мақсатын таныстырды. Олар алдағы уақытта бұл бастаманың жалғасын табатынын айтты. Сондай-ақ жиынды ұйымдастырушылар құрбандыққа мал шалып, 20 отбасыға таратты.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
01 шілде 2023 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930