» » Түлектер тасаттық берді

Түлектер тасаттық берді


БҮГІНДЕ ТҰРМЫСЫМЫЗДЫҢ БІРШАМА ТҮЗЕЛГЕНІ ШЫҒАР, ТОЙ, ҚУАНЫШТЫ СӘТТЕРІМІЗДІ ДҮБІРЛЕТІП ӨТКІЗУДІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРДЫҚ. ТУҒАН КҮН, МЕРЕЙТОЙ, ТІПТІ МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 10, 20... ЖЫЛ БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗДЕРІ БАС ҚОСЫП, ЖИЫН ТОЙ ҚЫЛАДЫ. ОЛ ДА ДҰРЫС ШЫҒАР. КӨПТЕН КЕЗДЕСПЕГЕН ҚҰРБЫ-ҚҰРДАСТАР БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ ЖАСАП, ЖАҚСЫЛАП КӨҢІЛ КӨТЕРЕДІ. АЛ БҮГІНГІ БІЗ АЙТҚАЛЫ ОТЫРҒАН КЕЙІПКЕРЛЕРІМІЗДІҢ БҰЛ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ МҮЛДЕ БӨЛЕК. ОЛАР ТУҒАН ЖЕРІНІҢ БАРЫН БАҒАМДАП, ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ АУЫЗБІРШІЛІКТІ, ЖАСТАРДЫҢ БІР-БІРІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТІН, ТАТУЛЫҒЫН НЫҚ ҰСТАУДЫ ҮЛГІ ЕТТІ. БҰЛ – ҚУАНТАРЛЫҚ ЖАЙТ.
Аудан орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің осыдан 10, 15, 20 жыл бұрын бітірген түлектері игілікті істі қолға алды. «Армандастар-құрдастар» деп аталатын басқосумен елге оң әсер беретін іс-шара ұйымдастырып, жақсы бастама көтерді. Яғни кенттегі 400-ге жуық тұрғынның басын қосып, спорттық шара өткізіп, ас берді. Жиында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға сәттілік тілесе, кент ақсақалы Орынбасар Сариев ақ батасын берді.
Алдымен №26 мектепті 2002 жылы бітірген түлектер 20 жылдықтарына орай өмірден өткен ұстазы Ақмарал Қолдабекованың рухына арнап шағын футболдан кубок өткізді. Оған әр жылғылардан 20-ға жуық команда қатысып, бақ сынады. Сонымен қатар ұлттық ойынды насихаттау мақсатында гір тасын көтеру мен арқан тартыстан жігіттердің білек күшін сынға салып, жарыстырды. Жеңімпаз атанып, І, ІІ, ІІІ орын алғандарға қаржылай сыйлық жасады.
Қазақ «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген. Асыл сөзді қадір тұтқан халқымыз өмірден өткен марқұмдарға Құран бағыштап, әркез еске алып отырған. Ізгілікті жолдан жаңылмаған №26 мектептің 2007 жылы бітірген түлектері де жиналған жұртқа қазан көтеріп, дастарқан жайды. 2012 жылы бітірген түлектер қаржылай көмек беріп, астың өтуіне үлес қосқан. Дастарқаннан дәм татқан тұрғындар ұйымдастырушыларға алғысын айтса, ақсақалдар ақ батасын беріп, аудандағы «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Өміржан Тобжанов өмірден өткен жандарға Құран бағыштады. Өнегелі іс-шараны ұйымдастырушылар бұл бастаманың алдағы уақытта жалғасатынын тілге тиек етті.
– Біз №26 орта мектепті бітірген түлектер елде, ағайын арасында бірлік, татулық, тұтастық болсын деген мақсатта тасаттық бердік. Өмірден өткен ұстаздарымыз бен достарымызға құрмет ретінде ұлттық дәстүрді жаңғыртуда спорттық ойындар өткіздік. Сонымен қатар бұл бір жай ғана жиын мен ас ішу болып қалмасын деген ниетте кейінгі ұрпаққа насихаттап, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырдық. Бұл тек бастамасы. Алда аудан азаматтары бұдан да жоғары, кең көлемде іс-шаралар ұйымдастырады деп ойлаймын. Игі шараны өткізуге атсалысқан 1990 жылғы жігіттерге ағалардың атынан алғысымызды білдіреміз, – деді мектепті 2002 жылы бітірген түлектер.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
28 мамыр 2022 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031