» » Ардагерлер үлгі көрсетті

Ардагерлер үлгі көрсетті

qarmaqshy-tany.kz «Ей, жолаушы тізгінді тарт, сәл кідір,
Ұзақ емес саған жалған бұл өмір.
Біз де сендей болғанбыз, ойлан шырақ,
Сіз де біздей болатыныңа кім кепіл?»
Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен өңірімізде жүргізіліп жатқан көркейтукөгалдандыру және тазалық айлығына қолдау көрсету, өскелең ұрпаққа аға буын өкілі ретінде өнеге көрсету мақсатында 60-қа жуық еңбек ардагері Жосалы кенті маңында орналасқан «Бодан» қорымына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Үш жүздің пірі болған Марал бабаның туысы Қауыс ишанның ұрпағы Смағұл Қауысовтың қорымда мәңгілікке мекен тапқан әруақтарға арнап бағыштаған Құранынан кейін басталған игі шарада ардагерлер қорым мен оның айналасында жиналып қалған түрлі тұрмыстық қалдықтарды тазартты.

Сонымен қатар, қорымның шартақтарын жөндеп, зират салу барысында артылып қалған құрылыс материалдарын арнайы жерге жинады.
Осы ретте, осындай игі бастаманың басықасында жүріп, қорымды тазалауға ел ағаларын бастап келген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мерековтен шараның өткізілу мақсаты туралы айтып беруін сұрадық:

«Мұндай игі іс біздің емес, бізге дейін өмір сүрген аға буын өкілдерімен жүргізілген бастама. Біз сол азаматтардың ізін жалғастырушымыз. «Бодан» қорымында бүгінде Жосалы кентіндегі әрбір отбасының, яғни біздердің, Алланың қалауымен өмірден өткен ата-бабамыз, әкешешеміз, ағайын-туысымыз, достарымыз, тіпті ұрпақтарымыз мәңгілікке мекен тапқан. «Өлі разы болмай, тірі байымас» деп даналар айтқандай, өмірден өткен жақындарымыздың рухы разы болсын деген ниетпен тазалық жұмыстарын жүргізуде еңбек ардагерлері осындай өнегелі істі қолға алып отырған жайы бар. Және өзіміз өмір сүрген ортаның тазалығына мән беріп, атқарған ісіміз өскелең ұрпаққа үлгі болса деген ниет. Тазалық бар жерде, денсаулық та бар. Тағы айта кетейін, басты мақсатымыз, өңір тұрғындарының тазалыққа деген ой-өрісін жақсылықты істермен өзгерту, табиғатқа деген жанашырлығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады», – деді ол.


Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
16 сәуір 2023 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031