» » Міндетіне адал мейірбике

Міндетіне адал мейірбике

qarmaqshy-tany.kz «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. осы ретте аудандық емханада 40 жылға жуық мейірбике болып қызмет етіп келе жатқан Майра Мұнарбаеваның есімін құрметпен атар едік. Өнегелі отбасынан шыққан ол өзінің еңбекқорлығы мен мамандығына деген қалтқысыз құрметінің, кең пейілінің арқасында өзіне берілген аймақ тұрғындарының ілтипатына бөленіп жүр.

Кейіпкеріміз 1965 жылы Ақтөбе ауылында дүние есігін ашады. 1982 жылы ауылдағы №109 қазақ орта мектепті бітірген соң Қызылордадағы медициналық училищесіне оқуға түседі. Оны 1984 жылы аяқтап, медбике мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек жолын аудандық емханада мейірбике болып бастаған ол бүгінде осы мекеменің №8 учаскелік аймағының мейірбикесі болып еңбек етуде.
Ақ халаттылардың сенімді серігіне айналған мейірбикелердің жұмысы қашанда үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әрине, халықпен жұмыс істеу қызық әрі қиын.

– Әр саланың өз қиындығы болады. Сондықтан медбикелердің жұмысында да бірқатар қиындықтар бар. Мәселен, біз уақытпен санаспай еңбек етеміз. Науқас жандардың ауруына, диагнозына қарамай, оларға жан-жақты күтім жасаймыз, ем-шарасымен қатар оларға мейлінше жағымды көңіл-күй сыйлауға тырысамыз. Дәрігер емінің нәтиже беруі үшін ұқыпты, жауапкершілікпен жұмыс жасауға талпынады. Күні-түні тынбай, кезекшілікке тұрып, науқастардың жағдайын жасайтын әріптестеріміз көп. Олардың адал еңбегі қандай жақсылыққа болса да лайықты. Жалпы, біз, медбикелер қауымы, санаспай, дамылсыз еңбек етеміз. Соның арқасында көптің алғысын аламыз. Біз үшін ең маңыздысы осы емес пе?! – дейді ол.

Тұрғындардың алғысына бөленіп жүретін мейірімді медбике халықтың денсаулығы – ұлттың байлығы екенін айтады. Иә, қандай атақ болса да халықтың берген батасына, алғысына жетпейтіні рас.

Бар ғұмырын медицина саласына арнаған Майра Жұмағалиқызы – қазір өз ортасындағы ең тәжірибелі маман, жастарға үлгі болып жүрген жан. Мейірбикелерді тек дәрігердің айтқанын орындаушы ғана деп түсінуге болмайды, олар – дәрігердің сенімді серіктесі, адамдарға психикалық, физикалық жағынан жәрдемдеседі. Шындығына келгенде, дәрігер берген емнің нәтиже беруі осы мейірбикелерге байланысты.
Инесімен талай жанның дертіне дауа, еміне шипа сыйлаған мейірбике қызметінде абыройлы маман болса, отбасында ардақты ана. Бақытты жанұяның ұйытқысы отағасымен бірге Азамат, Аида есімді ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Бүгінде олар жоғары білімді маман. Жолдасы Нұрмантай Қонаев қаласындағы АИСТ компаниясында оператор-жүк көретуші болып еңбек етеді. Ал ұлы Астана қаласындағы Назарбаев университетінде магистратурада оқыса, қызы Астана халықаралық университетінің магистранты. Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Медбикенің жұмысына ең қажет нәрсе – өз ісіне және науқастарға жауапкершілікпен қарау. Бұл екі қасиет те Майра Жұмағалиқызының бойынан табылады. Біз де жүрегі жомарт, көңілі дария, елге сөзімен де, ісімен де шипа бола білген бүгінгі кейіпкеріміздің алдағы уақытта да абыройы асқақтап, мерейі үстем болуына тілекшіміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
17 маусым 2023 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031