» » Бала күнгі арманым

Бала күнгі арманым

qarmaqshy-tany.kz Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында халықаралық мейірбикелер күні аталып өтеді. Бұл күні көпшілік ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіреді. Денсаулық – баға жетпес байлық. Адам баласы басы ауырып, балтыры сыздағанда, дертіне дауа іздегенде баратыны – медицина қызметкерлері. Себебі, дертке дауа, емге шипа беретін осы ақ халатты абзал жандар. Олардың көмегімен дертімізден айығып, ертеңімізге үмітпен қараймыз. Алдына барған әр науқасқа ерекше мейіріммен қарап, жылы сөзімен көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттыратын да осы асыл маман иелері.
Иә, адам жанына шипа сыйлайтын мамандықты таңдаған ақ халатты абзал жанның бірі – Ақгүл Төреева. Ол бүгінде «Шипагер» емханасында бірінші аймақ мейірбикесі.

Жасынан біреуге көмектесуді мақсат еткен ол мектепті тәмамдаған соң, Түркістан қаласындағы медицина колледжінде «Фельдшер» мамандығын игереді. Қолына диплом алып, кеудесі арман-тілекке толы жас мейірбике сол жылы аудандық «Шипагер» емханасына мейірбике болып жұмысқа орналасады. Қиын да жауапты жұмысты абыройлы атқарып келе жатқанына биыл он жыл болыпты. Бүгінде ол тәжірибесі толыққан білікті маманға айналған.

– Мейірбике – науқастың саулығына, тез жазылып кетуіне дәрігермен бірдей жауапкершілікпен қарап, келушінің бар жағдайын жасап, уақытылы ем-дом көрсететін денсаулық жанашыры. Менің бала күнгі арманым медицина саласында жұмыс жасап, адамдарға көмек көрсету еді. Мен үшін біреуді емдеп, оған көмек беру – игі іс. Сондықтан да осы саланы таңдадым. Еш өкінбеймін. Жұмысым да, ұжымым да жақсы. Дәрігер Айнұр Жұмабекқызымен де біріге жұмыс жасаймыз. Кейбір сәтте айтпай-ақ түсінісеміз. Басты мақсатымыз – алдымызға келген жанға қол ұшын созу. Ал күнделікті жұмыс бабы қиын да қызықты. Әр науқастың бабын тауып, жағдайын жасауға тырысамын. Біздің жұмыста қуанышты кездер де, қиналатын сәттер де болады. Сондай кезеңдерде мен өз қызметімнен бас тартып, мамандығымнан көңілімді суытқан емеспін. Өз мамандығымды мейлінше сүйемін, – дейді тәжірибелі мейірбике Ақгүл Қуанышбекқызы.

Кейіпкеріміз жұмыста мейірімді мейірбике болса, отбасында сүйікті жар, аяулы ана. Жары екеуі үш перзент тәрбиелеп отырған жас отбасы. Еселі еңбегімен, мейірімді жүзімен, жұмысына деген жауапкершілігінің арқасында елдің алғысына бөленіп жүр.

– Ақгүл менің патронаждық мейірбикем. Дәрігер Айнұр Жұмабекқызы екеуі жағдайымды үнемі бақылап, хабарласқан бойда үйіме келіп, ем-дом жасап кетеді. Денсаулығыма байланысты тіркеуде тұрғандықтан 15 жылдан бері мемлекеттен тегін дәрі алып келемін. Өзім де бұрын осы салада жұмыс атқарғанмын. Қазір зейнеткермін. Осы жолды жүріп өткен соң бұл қызметтегі ауыртпашылық пен адам өміріне деген жауапкершілікті жақсы түсінемін. Өздері ақкөңіл, қарапайым, науқастың көңілін аулай біледі. Кейде жылы сөздерінен-ақ емделіп кетесің. Бас дәрігер Бақытжан Нысанбаевтың тәрбиелеген ақ халатты абзал жандары деп білемін. №1 учаскенің дәрігері Айнұр мен мейірбикесі Ақгүл қыздарыма шексіз аналық алғысымды білдіремін. Мерекеде еңбектеріне жеміс тілеймін. Әрдайым осы қалыптарынан танбай, елдің құрметіне бөлене берсін, – дейді шынайы ризашылығымен кент тұрғыны Рыскүл Ешбаева.

Иә, дерті меңдеп, дәрменсіз күйде келген науқастың шипа табуына жәрдемдесіп, қолынан келгенін аямайтын осындай ақ халаттылардың қатары арта берсін. Аманаты мол мамандықта алғыс арқалап жүрген мерейлі мейірбикені кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметте абырой тілейміз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
13 мамыр 2023 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031