Құрылтай
» » Медбикелер күні аталып өтті

Медбикелер күні аталып өтті

Қармақшы аудандық ауруханасында Дүниежүзілік "Мейіргерлер күні" салтанатты түрде аталып өтілді. Салтанатты іс-шараға жиналған ұжымды кәсіби мерекелерімен аурухана басшылары құттықтап, атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.
Қармақшы аудандық аурухана медбикелері Денсаулық Сақтау Басқармасы Қызылорда және Қызылорда Сенім Кәсіподағы Құрмет грамотасымен, Қармақшы аудандық ауруханасы және Бастауыш Кәсіподақ ұйымы Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен, сонымен қатар «Аmanat» партиясының Алғыс хатымен және ҚР Жастар саясатына үлес қосқаны үшін төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар ТОО "Микроб" лаборатория бас дәрігері Балибаева Алияның Түркістан қаласына 5 қызметкерге жолдамасы және Қармақшы аудандық ауруханасының 5 бөлімшесіне сыйлықтар берілді. Салтанатты жиында флешмоб билеп, викториналық сұрақтар қойылып, ұйымдастырушы бөлімшелерге Кәсіподақ ұйымынан сыйлықтар табысталып, ән-шашумен жалғасты.
Адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы ақ халатты медбикелер баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтаймыз. Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Марапаттарыңыз құтты болсын!
13 мамыр 2022 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31