» » Қармақшы ауданында «Әсия ана» балабақшасы ашылды

Қармақшы ауданында «Әсия ана» балабақшасы ашылды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде жаңа кәсіпкерлік нысан «Әсия ана» балабақшасы ашылды.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек бала бақшаның ашылу салтанатына қатысып, осындай игілікті істі қолға алып, бүлдіршіндеріміздің заман талабына сай балабақшада тәрбие алуына мүмкіндік жасаған жергілікті кәсіпкер Әсия Мүсілімқызына алғысын білдірді.

– Бөбектер үлкен өмірге деген алғашқы қадамын балабақшадан бастайды. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген киелі сөз бар. «Әсия ана» балабақшасында білімді, тәрбиелі, елінің дамуы үшін аянбай еңбек ететін ұрпақ тәрбиеленеді деген үлкен сенім бар», – деді аудан басшысы.

Одан соң аудан ардагерлерімен бірге жаңа нысанның лентасын қиып, балабақша жұмысымен танысты.
Айта кетейік, балабақша аудан әкімдігінің қолдауымен «Қызылорда» Өңірлік Инвестициялық Орталығы» арқылы 20,0 млн теңге көлемінде несие қаражатымен қаржыландырылған.
Бүгінде балабақша иесі 25 адамды жұмыспен қамтуды және 3 жастан 6 жасқа дейінгі 75 баланы қабылдауды жоспарлап отыр.
Оның ішінде бір тобы ерекше балаларға инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетеді.

01 маусым 2023 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031