» » Жаңа нысан – игілікке

Жаңа нысан – игілікке

     
Бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударуда. Жергілікті тұрғындар арасында да кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап өсуде. Ал кәсіптің көбеюі өңір экономикасының өркендеуіне жол ашады.  Жас кәсіпкерлерді қолдаудан бөлек, орта бизнеске арналған тиімді бағдарламалар жетерлік. Осындай қолдаудың нәтижесінде жуырда жаңа кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді.
Жеке кәсіпкер Гүлшат Бертілеуова 2015 жылдан бері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол дәлізінің бойында орналасқан «Оазис» кешенінің жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Осы кешеннің жанынан бой көтерген қонақ үй ғимаратының құрылысы жыл басында басталған болатын. Жобаның жалпы құны 60 млн теңгені құраса, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 40 млн теңге несие алған. Мемлекеттің қолдауы арқылы барлық талапқа сай жасалған қонақ үй енді халық игілігіне берілді. Бұл қуанышқа арнайы аудан әкімінің орынбасары Жандос Қойшыбаев, ауданның бас имамы Жақсыбек қажы Әбиев, ауданның белді кәсіпкерлері жиналды. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына келген аудан әкімінің орынбасары Жандос Қойшыбаев алғы сөзін арнады.
– Ең алдымен баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Ауданның тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанмен толығуы қуантарлық жағдай. Жаңадан жұмыс орындары ашылып, қонақ үй  аудан қонақтары мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетеді.  Құрметті Гүлшат Жайшылыққызы, жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін. Баршаңызды халықтың игілігі үшін салынған жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаймын, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан кейін ел ағаларының батасын алып, қонақ үйдің лентасын қиылды. Жиналған көпшілік қонақ үйдің ішкі мүмкіндігімен танысты. Заманауи үлгідегі нысан қалалық қонақ үйлерден еш кем емес. Әрбір бөлменің жоғары талғаммен безендірілген.
Айта кету керек, қонақ үй кешені ауласында дәмхана мен көлік жөндеу орталығы, намазхана орналасқан. Яғни, келімді-кетімді қонақтарды тек жатынжаймен ғана қамтамасыз етпей, осындай кешенді сервистік қолдау тапқан. Қонақ үйдегі бөлмелер саны – 9. Оның үшеуі – люкс, алтауы – стандарт бөлмелер. Жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылуы әрдайым жұмыссыздар санының азаюына үлес қосады. Осы ретте жаңа қонақ үй де 15 адам жұмыспен қамтып отыр.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
28 желтоқсан 2021 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930