» » Несие портфелі 6 есе ұлғайды

Несие портфелі 6 есе ұлғайды

Сыр бойында бизнесті дамытуға мемлекеттік және өңірлік бағдарла­малардың барлық мүмкіндігі пайдаланылды. Биыл 1 975 жоба «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары мен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық қоры арқылы 23,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Былтырмен салыстырғанда осы жылы несие портфелі 6 есе ұлғайыпты.


Облыстық кәсіпкерлік және туризм бас­қармасының мәліметіне сәйкес мем­лекеттік бағдарла­ма­лар аясындағы не­сиелердің сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі, мем­лекеттік кепілдіктер ли­мит­терінің ұлғаюы бизнес үшін кредит алатындарға қолайлы болып отыр.
Бұдан бөлек, жергілікті тауар өндіру­шілерді қаржыландыру үшін биыл 2 пайыздық несиелеу бағ­дарламасы іске қосылды. Бұған облыстық бюджеттен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына 400 млн теңге қаралып, тауар өндіру­шілердің 348 млн теңгелік 14 жобасы мақұлданды.
– Келер жылға 2 пайызбен несиелеу бағдарламасына қаралатын қаржы өседі. Бизнесін жаңа бастағандар мен кәсіпке ынталы жұмыссыздардың бастамаларын қаржыландыру да жүйелі жүргізілді. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 592 жобаға 1,7 млрд теңге өтеусіз грант берілді, – дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.
Мемлекеттік қолдау шаралары арқы­лы шағын және орта бизнесте жастар үлесін арттыру назардан тыс қалған жоқ. Он ай аясында 317 жас кәсіпкер өз бизнес жобаларын іске асыру үшін 6 пайызбен 2,8 млрд теңге несие алған. Жастардың 868 стартап жобасына 715,4 млн теңге мемлекеттік грант бөлінді.
Жалпы, бүгінде жастар бизнестің түрлі салаларында кәсіпкерлік бастамаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Осы арқылы аймақтан шығатын түрлі тауарлар қатарын биыл жас кәсіпкерлер бастамасымен жүзеге асырылған құрғақ құрылыс материалдары, кондитерлік өнімдер, күріштен дайындалатын тәтті таяқшалар толықтырды.
Осы он айда ШОБ субъектілерінің саны 56 867-ге жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті. Мамандар дерегінше, өңірде әр тоқсан сайын ісін жаңа бастаған 800 кәсіпкер қатарға қосылып отыр. Өткен жылдың он айында аймақта шағын және орта бизнес 144,5 млрд теңгенің өнімін шығарса, биыл бұл көрсеткіш 173,3 млрд теңгеге жетті.
Мамандар сауда саласында құны 718 млн теңге болатын 13 инвес­тициялық жоба іске асырылып, 214 жұмыс орны құрылғанын атап өтті.
– Бұдан бөлек, электронды сауда саласында өсім байқалады. Жалпы, шағын және орта бизнес көрсеткішін ұлғайта түсу үшін келер жылы 2 мыңнан астам жобаға жеңілдетілген несие, 1500 жобаға мемлекеттік гранттар беру жос­парлануда, – деді басқарма басшысы.
 



29 қараша 2021 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031