» » Облыста 666 жоба несиелендірілді

Облыста 666 жоба несиелендірілді

"Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 666 жобасы несиелендірілді. Несие портфелі өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге ұлғайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
- Аймақта 528 жоба екінші деңгейлі банктердің "скоринг" бағдарламасы арқылы мақұлданды. Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі пандемия кезеңінде аса зардап шеккен бөлшек сауда, жолаушылар тасымалы, қоғамдық тамақтану және шағын қызмет саласында жұмыс жасайтын микро кәсіпкерлік субъектілерінің үлесінде. Сондай-ақ, өткен аптада Бақылау кеңесінің отырысында ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды, - деді Фердоуси Әбілқасымұлы.
Биыл облыстық бюджеттен шамамен 30 жобаны қайтарымсыз грант арқылы қаржыландыру жоспарлануда. Бұдан өзге, қаржы ұйымдары арқылы жыл басынан бері 41 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді. Айта кету қажет, өңірде соңғы бес жылдықта шағын және орта бизнес өнімі 13,5 %-дан 17,8 %-ға дейін ұлғайған.
20 мамыр 2021 ж. 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031