» » Жаңа балабақша ашылды

Жаңа балабақша ашылды

ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВ 2020 ЖЫЛЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІН 100 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗУ ҚАЖЕТТІГІН ТАПСЫРҒАН-ДЫ. БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРЕ ҚАРАП, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ САЛАСЫНДАҒЫ КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУҒА ЖОЛ АШТЫ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА БАЛАБАҚША САНЫ КҮН САНАП АРТУДА. ЖАҚЫНДА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН «ЯСМИН-2» БАЛАБАҚШАСЫ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ. БАЛАБАҚШАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ ТӘЖІГҮЛ ӘБЕНОВА ҚАТЫСЫП, ЛЕНТАСЫН ҚИДЫ.
Келген қонақтар балабақша ішін аралап, бөлмелерімен таныс­ты. Әр бөлме балалардың жас ерек­ше­ліктеріне қарай жабдықталған. Яғни мұнда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен, музыкамен айналысуына да баса назар аударылған. Бүгінде мұнда 20 адам жұмыспен қамтылса, оның 6-ы педагог маман, 14-і техникалық қызметкер.
Жеке балабақша ашып, игілікті жұмысты іске асырған құрылтайшы Майра Аманова бұған дейін «Айым-Ерке» балабақшасында меңгеруші қызметін атқарған білікті маман. Ол осы салада жүріп, төгілген тер мен атқарған істің нәтижесі жемісін бергенін айтады.

– Бұл балабақша көптен бергі жос­парланған жетістігімнің бірі. «Айым­-Ерке» балабақшасында жинаған тә­жірибем үлкен іске қадам басуға сеп болды. Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу «Ясмин-2» ба­лабақшасы өз қаражатымнан ашылып отыр. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің рұқсатымен жүзеге асырылуда. Мұндағы бір бала үшін төленетін жарна мемлекеттік балабақшалармен бірдей. Алда­ғы уақытта балабақшамыз пат­риоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін алтын орда болады деген сенім білдіремін, – дейді балабақша меңгерушісі Майра Мырзагелдіқызы.
Бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан балабақша заманауи үлгіде жабдықталған. Бөлмелері кең, жылы әрі жарық. Мұнда екі топ болса, әр топта 25 бала бар. Білікті педагогтар балғындарға тағылымды тәліммен қатар, қазақ, орыс, тілдерін де үйретеді.
– Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, Отансүйгіш азамат тәрбиелеу бағытында жұмыс істеуге әзірміз, – дейді балабақша тәрбиешілері.
Балабақшаның басты ерек­шелігі – мұнда бал тілді бал­ғындарды қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа бау­лу, ұлттық құн­дылықтарды ұлық­тау көзделген. Сонымен қатар кіш­кентайлардың денсаулығы – бас­ты назарда. Дәрігерлер бөбектерді күн са­йын тексеріп отырады. Ал, ата-аналар бұл балабақшада білімдар әрі саналы ұрпақ өсіп шығатынына сенімді.
Немересін балабақшаға алғаш­қылардың бірі болып берген Марияш апа көңілдегі қуанышты сәтін былай бөлісті.
– Немерем балабақшаға кел­генді ұнатады. Әлі анық сөйлей алмаса да, өзі қатарлас балалармен тіл табысып, тәрбиешілеріне асығып тұрады. Бұл көптен күт­кен балабақшамыз. Қазіргі уа­қытта балалардың толыққанды қалыптасуы үшін мектепке дейінгі білім беру нысандарының маңызы зор деп ойлаймын, – дейді ол.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен бас­талуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
суреттер автордікі
12 наурыз 2022 ж. 2 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031