» » Туған жерге түлектердің тартуы

Туған жерге түлектердің тартуы

qarmaqshy-tany.kz Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа деген сүйіспеншіліктен бастау алады.

Қай жерде, қандай қызметте жүрсе де атамекен туған жері, алтын ұя мектебін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептеп, перзенттік парызындай сезінетін нағыз азаматтар болады. Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды. Биыл да осы дәстүр жалғасын тауып жатыр. Соның бірі, Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебін бітіргеніне 20 жыл толған 1986 жылы туылған түлектерді айтуға болады.

Азаматтар Жосалы кенті, Ізтелеу Мүсірбаев көшесі бойына заманауи үлгіде түнгі жарықтандыруымен Қазақ радиосы қосылған автобус аялдамасын халыққа тарту етті.

«Биыл алтын ұя мектебімізді бітіргенімізге 20 жыл болды. Елдің ақыл айтар ағалары мен ақ жаулықты аналарына айналдық. Осынау мерекеде біз сыныптастарымызбен ақылдасып осыбір аялдаманы сыйға тарттық», – дейді түлектердің бірі.

Ел үшін игі істі ұйымдастырып, татулығы жарасқан, ауызбірлігі мен достастығы үйлесім тапқан азаматтарға алғысымыз шексіз!
Өзгеге үлгі боларлық бұл бастама әрі қарай жалғасын табатынына сеніміміз мол.
30 мамыр 2023 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031