Түлектердің туған жерге тартуы
Бұл күнде өскелең ұрпақтың көбі үлкен қалаға үлкен арманмен аттанып, сонда қалуды армандайды. Алайда, туған ауылы үшін бәріне даяр жастар да жоқ емес. Бұған мысал – Дауылкөл ауылдық округінің "93-тері". Олар балдай балғын шақтары мен өмірдің ең қызықты кезеңін осы ауылда өткізді. "Әркімнің туған жері – Мысыр шаһарындай" деп қазекем бекер айтпаған. Тұрмағамбет ауылы олардың жүрек түкпірінен орын алған құтты мекені.

– Осыдан 2-3 жыл бұрын ауылымызға тарту жасаймыз деп шештік. Сол уақыттан бері қаражат жинап, құрылысын бастадық. Қазір барлығы дайын, спортпен шынығамын деген жанға есік ашық. Жалпы бұл спорт алаңын салудағы басты мақсат – өлкеде саламатты өмір салтын қалыптастыру, – дейді Т.Ізтілеуов атындағы №29 мектепті 2010 жылғы бітірген түлектер.

P.S.
Туған жердің төсінде шаңырағының түтінін түтетіп, еңбек етіп жүрген жандардың ауылға тартқан сыйы – көпке үлгі. Барлығы да шаруашылықтың бетке ұстар еңбеккерлері, ауылын сүйген азаматтар. "Саусақ бірікпей, ине ілікпес". Бұл – түлектердің ауызбіршілігі мен татулығының көрінісі.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ