» » ТУҒАН ЖЕРГЕ ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Туған жерге тағзым жасау əрбір азаматтың адамдық борышы деп білемін. Топырағын кешіп, суына шомылып, дəмінен татып, балалық бал дəурен шақтың куəгері болған өскен өңіріміз өзімізге алтын бесік. Бүгінде, ұрпақ сабақтастығының көрінісі мектеп бітіргендеріне 5 жыл, 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл толған түлектер кездесіп, өздерінің сый-құрметтерін туған жеріне, алтын ұя мектебіне ерекше ықыластарын білдіріп жатады. Биыл, Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылындағы қара шаңырақ, білім мен ғылымның ордасы 109 орта мектебін бітіргенімізге 10 жыл. Сыныптай сырғып өткен уақыттың жүйріктігіне қарап таң боласың?!...Арман аясында, межелі мақсат жолында сан тарапқа аттанған біздер бүгінде түрлі салаларды нəтижелі жұмыстар жасап жатырмыз. Еліміздің əлеуметтік-экономикалық, мəдени дамуы жолында білім беру, денсаулық сақтау, өнер, əскери іс, жеке кəсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларында табысты қызметтер атқарып, бедел биігінен көрініп жүрміз. Ақтөбе ауылындағы  109 мектепті 2009 жылы бітірген, 10 жылдық кездесуге қатысушы түлектер ауыл орталығындағы "Е.Сексенбаев" атындағы саябаққа заманауи үлгідегі жарық шамдармен көмкерілген "I LOVE AKTOBE"инсталияциясын орнатып, тарту ретінде ұсындық. Сонымен қатар, ауылдық мəдениет үйінде "Туған жерге тағзым етер түлектер" тақырыбында ауыл тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама ұсынған болатынбыз. Кеш көңілді өтті деген ойдамыз. Бағасын халық берер. Сонымен қатар, 1992 жылғы түлектердің жолын берсін, осындай аға-əпкелері секілді азамат болсын деген ниетпен 1 жəне 11-сынып (түлектерге) оқушыларына естелік сыйлық ұсындық. Қазақ даналығында "Жақсы істің басына, жақсы келер қасына" деген қанатты сөз бар. Осындай жұмыстардың жүйелі жүзеге асуына атсалысқан барша сыныптастарыма, қолдау көрсеткен Ақтөбе ауылы əкімшілігіне, ауыл əкімі Данияр Ертайұлына, 109 мектеп ұжымына, мектеп директоры Бақытбек Əзілханұлына, ауылдық мəдениет үйінің басшысы Руслан Кəрібайұлына арнайы алғысымды білдіремін. Халық даналығындағы "саусақ бірікпей, ине ілікпес" деген тəмсілді тілге тиек ете отырып, жасалған жұмыстардың барлығы ауызбірішілікпен татулықтың септігі деп білемін. Жасалған жұмыстардың жалғасы ретінде келесі эстафетаны 1993 жылы туылған жастарға жолдаймыз!

Әзиз ДҮКЕНБАЙҰЛЫ.
29 мамыр 2019 ж. 1 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031