» » Жас полиглот

Жас полиглот

qarmaqshy-tany.kz Әрбір перзент “Тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала-жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай түрлі қырымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «Ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «Елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.
Бұл – Нұртілек Айтбай. Ол Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектептің 4 «А» сыныбын үздікке аяқтап, орта буынға аяқ басты. Үлгерімі жақсы, сабақта белсенді Нұртілек қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Жас полиглот деуіміздің себебі осы.

– Мен тіл үйренгенді жақсы көремін. Алдағы уақытта француз, араб, түрік тілдерін меңгергім келеді. Бірнеше тілді игеріп, өскенде дипломат болғым келеді. Өзге тілді меңгергенде ол елдің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысасың. Дипломат болатын адам өте білімді, жан-жақты болуы тиіс. Мен оған қазірден бастап дайындалып жүрмін, – дейді жас полиглот Нұртілек Айдынбекұлы.

Анасының айтуынша, білімді бүлдіршін футболды да ерекше жақсы көреді. Әлемдік деңгейдегі футбол клубтарының атаулары мен ойыншыларын жақсы біледі.

– Біздің тұңғышымыз атасының үйретуімен қазақ тіліндегі 42 әріпті және сандарды бір жасында таныды. Жастан асқанда әріптерді қосып оқуды үйренді. Әріптерге деген қызығушылығы ерекше баламыздың болашағынан зор үміт күтеміз, – дейді әкесі Айдынбек Айтбайұлы.

Сондай-ақ Нұртілек Т.Салқынбайұлы атындағы балалар өнер мектебінде домбыра сыныбына қатысады. Атына заты сай Нұртілек, әжесінің қуанышы, ата-анасының мақтанышы, сегіз қырлы, бір сырлы болып өсіп келеді.
Ардақ Сәкенқызы


30 мамыр 2023 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031