» » Кітапсүйер бүлдіршін

Кітапсүйер бүлдіршін

Әрбір перзент – тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала – жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай талантымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.


Бұл – Алтынай Ерланқызы. Ол №26 мектептің 3 сынып оқушысы. Бос уақытын кітап оқуға арнайтын Алтынай кітапхананы ерекше жақсы көреді.
– Мен жазғы демалыс басталған соң кент кітапханасына бардым. Онда маған қазақы нақыштағы заманға сай жабдықталған Сoworking бөлмесі ұнайды. Ол жерде оқырман балаларға кітап оқып, шахмат ойнауға болады. Әрі кітапханада балаларға арналған қызықты кітаптар өте көп. Өзім секілді балаларды кітапханаға шақырамын, – дейді жас оқырман.
Алтынай кітап оқумен қатар, терме айтқанды да жақсы көреді. К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде терме бағыты бойынша үйірмеге де қатысады. Осы уақытқа дейін біршама терме де жаттап үлгерген. Ата-анасы термеден алар тәлімнің мол екенін біліп, қыздарының бұл салаға бет бұрғанына қуанышты. Олар талпынысы жоғары, білім іздеген бүлдіршіндеріне қолдау білдіруге қашанда дайын.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 маусым 2021 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031