» » Болашақ балерина

Болашақ балерина

Әрбір перзент – тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала – жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай талантымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.


Бұл – Данеля Жандиярқызы. Жасы 4-те. «Тоғжан» балабақшасының тәрбиеленушісі. Сұлу бүлдіршін суретке түскенді, әдемі киінгенді ұнатады. «Әке – өмір тірегі» атты облыстық байқаудың жүлдегері. «Жасы кіші болса да әр көйлегін таңдап, талғап киеді» дейді анасы. Сондай-ақ ол би мен жеке гимнастикаға қызығады. Данеля қолына қалтафон түсе қалса өзгелер секілді мультфильм емес, түрлі би, балет қимылдарын көреді. Көрген бейнесін қайталап, соны жасамайынша тыным таппайды. Үш тілде еркін санай алатын бүлдіршіннің тілді үйренуге де ынтасы мол. Данеля сүйкімді қылығы, тәтті тілімен әжелері мен ата-анасын үнемі қуантып жүреді. Талабы таудай бүлдіршіннен болашақта мың бұралған биші, талантты гимнастшы шығарына сенім мол.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 маусым 2021 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031