» » Ең кішкентай оқырман

Ең кішкентай оқырман

Әрбір перзент – тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала – жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай талантымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.



Бұл – Жібек Асылжанқызы. Жасы небәрі үште. Десе де аудан айнасының тұрақты оқырманы. Біздің ең кішкентай оқырманмен таныстығымыз өткен жылы «Төл басылым төрімізде» атты фотобайқаудан басталған. Жібек әріп танымаса да әр газет келген сайын оны қызықтап, суреттерін саралап шығады екен.
– Оны ешкім үйретпеді. Алғашында мән бермейтінбіз. Кейіннен әр газетті асыға күтіп, қызыға қарайтынын аңғардық. Қолымыз босаса танымдық әңгімелерді оқып береміз. Кітап, газет оқып, ертегі айтсақ тыңдауға қашанда әзір. Білімге құштар жан болады-ау, – дейді әкесі Асылжан Айбытов.
Айта кеткен жөн, кішкентай оқырманның жаңаны игеруге деген құштарлығы қанмен берілсе керек. Себебі Жібектің ата-анасы білім нәрін себуші ардақты ұстаздар.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 маусым 2021 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930