» » Ақын бала

Ақын бала

Әрбір перзент – тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала – жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай талантымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.


Бұл – Абылайхан Русланұлы. Қалам мен қағазды жанына серік еткен ол С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің 6 сынып оқушысы. Кітап оқығанды, өлең шығарғанды жақсы көретін Абылайхан қалалық кітапхананың тұрақты, әрі белсенді оқырманы. Түрлі мүшәйраға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген озат оқушы.
– Өлең шығару менің сүйікті ісім. Болашақта білімді азамат, елге пайдасы тиер тұлға болуым үшін бүгіннен бастап өзімді дамытып, жетілдіруім қажет. Сол үшін де қолым босай қалса, кітапханаға асығамын. Көбіне патриоттық бағытта өлең шығарамын. Себебі әрбір жігіт елдің патриоты болуы қажет, – дейді жас ақын.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 маусым 2021 ж. 1 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930