» » » Құнды қазына – кітапханада

Құнды қазына – кітапханада

Кітап қашанда білімнің қайнар көзі болып қала бермек. Себебі құнды дүниенің оқырманға берер ақылы мен тағылымы мол. Ал өскелең ұрпақтың терең білімді, жан-жақты болуы – жарқын болашақ кепілі. Мектеп кітапханалары да осы мақсатта қызмет етіп, жас шәкірттің ғылыми және шығармашылық тұрғыдан дамуына үлес қосады. Осындай кітапхананың бірі – Ү.Томанов атындағы No183 орта мектепте орналасқан.


Кенттегі Гүлнәр Әшірова басқаратын No183 орта мектепте жалпы 341 оқушы білім алады. Ал кітапхана қорында 20663 кітап, оның ішінде 9513 оқулық бар. Мұнда кітапханашы болып қызмет ететін Жұпаркүл Қайынқызының тұрақты 414 оқырманы бар. Кітапхана заман талабына сай жабдықталып, оқырманға кітаптан басқа компьютер де қарастырылған. Сондай-ақ жаңа гуманитарлық білім аясында "100 жаңа оқулық" бұрышы, "Киелі мекен Қармақшым" және "Жыр мен күй атасы Қорқыт" атты тұрақты көрме орналастырылған. Одан бөлек, 10-11 сынып оқушыларына жоғары оқу орнында оқытылатын кітаптардың сөресі бар. Бұл арқылы бірер жылда мектепті тәмамдайтын шәкірттер алдағы білім беру жүйесімен таныса алады.

Кітапханадағы ең ерекше кітап – Асқар Томановтың өзі сыйлаған "Сыр сұңқары" атты кітабы. Ол кітапқа оқушылар арнау өлең мен ойтолғау жазған. Одан басқа, сөреден мектептің тарихы, ардагер ұстаздары мен озат шәкірттері жазылған кітаптар да табылады.

– Кітапханаға оқырман тарту мақсатында пікір-сайыс, поэзия кештері мен кітап сыйлау акциялары ұйымдастырылады. Мұндай шаралар оқушылар шығармашылығын дамытып, көп оқуға ынталандырады. Ал оқушылар іздеген кітапты тауып беру – біздің мақсатымыз. Кітап қоры аз емес, сондықтан көп жағдайда оқушы іздегенін кітапханадан тауып жатады, – дейді мектеп кітапханашысы Жұпаркүл Құсайынова.

Маманның айтуынша, бастауыш сынып оқушылары арасында ертегі кітаптар үлкен сұранысқа ие болса, жоғары сынып оқушылары көбіне әлем әдебиеттерін оқиды екен. Ал ұстаздар қауымы мектеп кітапханасынан өздеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдарды пайдаланады.

Дамыған заманда кітап оқу кенде қалып бара жатыр деген тұжырым бұл мектеп кітапханасына әсте келмейді. Себебі мұндағы оқушылар арасында кітап оқу, ол туралы өзара ой бөлісетін кездер көп болады. Кітапханашы да оқырманына көмек етіп, жас ерекшелігіне қарай кітап таңдауда кеңес береді.

– Жұмыс барысында түрлі қызық оқиғалар болды. Мәселен, күнде қоңырау уақытында кітапханаға келіп, қызықтап жүретін бастауыш сынып оқушысын байқадым. Одан кітаптарды жай қызықтап қарай бергенше неге алып оқымайтынын сұрағанымда "Сонда кітаптарды тегін алуға болады ма?" дегені бар таңырқай. Қазіргі таңда ол оқушы менің тұрақты оқырманыма айналды, – дейді кітапханашы күлімдеп.

Жақында ЮНЕСКО бастамасымен кезекті "Халықаралық мектеп кітапханасы" күні өтті. Биыл оқу жылының талабына сәйкес мектеп кітапханалары бұл мерекелік күнді атап өте алмады. Дегенмен алдағы уақытта кітапхана оқырманға толып, оқушылар сүйікті кітабына қол жеткізеріне бек сенейік.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
27 қазан 2020 ж. 2 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 068

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031