» » Кітап құмар бүлдіршін

Кітап құмар бүлдіршін

qarmaqshy-tany.kz Әрбір перзент “Тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала-жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай түрлі қырымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «Ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «Елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.

Бұл – Ералы Әбдірахманов. Ол А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің 2-сынып оқушысы. Бос уақытын кітап оқуға арнайтын Ералы кітапхананы ерекше жақсы көреді.

– Мен кітапханаға барғанды, онда түрлі кітаптар оқығанды жақсы көремін. Онда маған Сoworking бөлмесі ұнайды. Ол жерде оқырман балаларға кітап оқып, шахмат ойнауға болады. Әрі кітапханада бізге арналған қызықты кітаптар өте көп. Өзім секілді балаларды кітапханаға шақырамын, – дейді жас оқырман.

Ералы кітап оқумен қатар, таэквандоға қатысады. Болашақта жетістігі мол чемпион, білікті жаттықтырушы болғысы келеді.

– Үйде көбінесе өзіміз де кітап оқимыз. Өзім оқыған кітаптарды үлкен қызыммен талқылаймыз. Ералы кішкене күнінен біздің әңгімемізді тыңдап өсті. Содан болар кітапқа құмарлығы ерекше. Бірінші сыныпта менің оқығанымды тыңдап отыратын. Ал қазір өзі оқи береді. Кейде бірге оқимыз. Кітаптың қызықты, тәрбиелік мәні бар тұстарын түсіндіремін. Мәселен, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабындағы басты кейіпкер Аяннан үлгі ал, оның оқуға қызыққан кездерін, қиындықты жеңе білгенін, алдына мақсат қоя білуін өнеге етемін. Осы шығарманы талдағаннан кейін алдына мақсат қоюды үйреніп келеді. Аудандық балалар кітапханасындағы түрлі шараға белсенді қатысады, – дейді анасы Меруерт.

Ата-анасы кітаптан алар тәлімнің мол екенін біліп, ұлдарының бұл салаға бет бұрғанына қуанышты. Олар талпынысы жоғары, білім іздеген бүлдіршіндеріне қолдау білдіруге қашанда дайын.
Ардақ Сәкенқызы

30 мамыр 2023 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031