» » Тик-ток түсірудің шебері

Тик-ток түсірудің шебері

qarmaqshy-tany.kz Әрбір перзент “Тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала-жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай түрлі қырымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «Ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «Елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.

Бұл – Расул Қайратұлы. Жасы 5-те. «Ертөстік» балабақшасының тәрбиеленушісі. Әлеуметтік желіні қолданатын қармақшылықтардың біршамасы Расулдың билейтінін беске біледі. Түрлі қимылымен, өзін камера алдында, көпшілікте еркін ұстауымен ерекшеленетін балақайға бұл қасиет анасынан дарыған. Балаға тәрбие құрсақтан беріледі дейді ғой. Анасы Расул құрсағында болған кезде түрлі тойда ән айтып, өнер көрсетіп жүрген. Бесікте жатқанынан-ақ музыкаға қатты ден қойыпты.

– Расул құрсағымда жатқан кезде де, босанғаннан кейін де тойда өнер көрсетіп жүрдім. Сондықтан болар балам әнсіз ұйықтамайтын. Ал қазір ақылды, өнерлі жігіт болып ер жетуде. Бір-екі рет өзімнің парақшама баламның биін салып едім, одан кейін сұраушылар көбейіп кетті. Сосын өзіне арнайы «Тик-ток» желісінен парақша аштық. Қазір оған видеоларын жүктеп тұрамын. Ол өзінің биіне жазылған пікірлерді оқып беруімді өтінеді. Расул жалпы әдемілікті, тазалықты жақсы көреді. Үнемі ақ түсті киім кигенді, сурет салғанды ұнатады, – дейді анасы Ақмарал Уксукбаева.

Әлеуметтік желіде белсенді Расул балабақшада да бар өнерін көрсетуде. Ұстаздары да «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген пікірді ұстанып, биші балақайға қолдау білдіруге, өнерін шыңдауға дайын. Біз де Расулдың парақшасына көз жүгірттік. Шынымен де қимылы ширақ, әуенді жақсы сезініп, қимылдап үлгереді. Көптің көзайымы болып жүрген атаәжесінің ерке баласының өнері шарықтап, елдің еркесіне айналсын дейміз.
Ардақ Сәкенқызы


30 мамыр 2023 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031