» » Кішкентай өнерпаз

Кішкентай өнерпаз

qarmaqshy-tany.kz Әрбір перзент “Тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала-жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай түрлі қырымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «Ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «Елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.

Бұл – Нұрәли Базарбай. Жасы жетіде. Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің 2-сыныбын аяқтаса, әуез мектебінде баяннан 1-сыныпты үздікке бітірді. Талабы таудай бүлдіршін болашақта үлкен сахналарда өнер көрсетсем дейді.
– Маған музыкалық аспаптардан баян аспабы қатты ұнайды. Сондықтан да осы үйірмеге келдім. Алғашқыда қиын сияқты көрінген. Ал қазір қолым үйреніп келеді. Баянды толық меңгеріп, түрлі байқауға қатысып, жеңімпаз болғым келеді. Ал ол үшін тынымсыз еңбектенуім қажет, – дейді жас өнерпаз.

Кішкентай баян тартушы аудандағы өнер мектебіндегі баян сыныбында оқиды. Үйірмеге қатысушылар арасында жасы да, бойы да кішісі осы. Алайда үлгерімі мен ынтасы өзгелерден көш ілгері.

– Нұрәлидің музыкаға деген қызығушылығы жоғары. Тапсырманы нық, тиянақты орындайды. Баян үйірмесіне алғашында анасы алып келді. Қазір өзі әрбір сабаққа ерекше ықыласпен, қуана қатысады. Жаңа нәрсені үйренуге құмар. Одан болашақта мықты музыкант шығарына сенемін, – дейді ұстазы Зульфия Бопажаева.

Олай болса, талғамы биік, талабы зор кішкентай өнерпаздың өнеріне тәнті болып, тек сәттілік тілейміз
А.Сакенқызы
30 мамыр 2023 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930