» » Спортшы балақай

Спортшы балақай

qarmaqshy-tany.kz Әрбір перзент “Тәңірдің ата-анасына берілген үлкен сыйы. Олар баласының өмірі жарқын, болашағы кемел болуы үшін әсте аянып қалмайды. Әрбір бала-жарық жұлдыз. Тек талантын танып, дер кезінде жарқырауына жәрдем берсек болғаны. Мерекеге орай түрлі қырымен көзге түскен бір топ бүлдіршінді назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кішкентайлардың «Ұлтым» деп ұлылыққа ұмтылған, «Елім» деп өрелі өнегесін танытатын білімді, дарынды ұл-қыздарға айналатынына сенім мол.
Бұл – Шахназар Жасұланұлы. Жасы 6-да. Спортқа жаны құмар бүлдіршін Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің 0 сыныбын аяқтап, бірінші сыныпқа көшті. Сабаққа деген талабы таудай. Әсіресе есеп шығарудан алдына жан салмайды. Ұстазы да есепте жүйріктігін аңғарып, болашақта осы қырын дамытуға болатынын айтады. Ал өзі спортқа әпкелеріне еліктеп қызыға бастаған.

– Үлкен екі қызым баскетбол үйірмесіне қатысады. Жалпы спорт кез келген адамның денінің саулығы үшін өте қажет дүние. Балаларымның спортқа қызығушылығы жоғары болғанына қуанамын. Шахназар екі әпкесіне қызығып, өзі де спортпен айналысқысы келетінін айтты. Ол кезде жасы 5-те. Баланың меселін қайтармай футбол үйірмесіне бердім. Қазіргі таңда дзюдоға да барып жүр. Футболдан Нұржан Тұрсынбаев жаттықтырса, дзюдодан Қайрат Үсеновтен тәлім алады. Ер бала болғандықтан спортты серік еткені жөн. Өзінен кіші інісі де ағасына еліктеп футбол ойнағысы келеді. «Спорт – деннің саулығы» дегендей, ең бірінші дендері сау болады. Ал екіншіден жетістікке жетіп, абыройы асқақтап жатса, онда біздің мерейіміздің тасығаны. Біз тек қуанамыз, – дейді әкесі Жасұлан Көкеев.

Иә, бауырлардың бір-біріне жақсы жағынан үлгі болып жүргені бір ғанибет. Шахназар болашақ мамандығын таңдап та қойған. Мақсаты айқын бүлдіршін әкесі сияқты дәрігер болуды армандайды.
А.Сакенқызы
30 мамыр 2023 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930