» » Оқушы тәрбиесі - ортақ жауапкершілік

Оқушы тәрбиесі - ортақ жауапкершілік

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің бастамасымен жасөспірімдер арасында топтық төбелестің, құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, буллингтің алдын алу мақсатында аудан ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттарынан арнайы топ жасақталып, 2023 жылдың 17 сәуір күні аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектеп бойынша білім алушыларының ата-аналары мен құқық органы қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Кездесу шарасына аудандық прокуратурасының прокуроры С.Абдулғазиз, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Мереков, аудандық алқа билерінің жетекшісі Қ.Есдаулетов және мүшелері Д.Жалғасбаева, Е.Назарқұлов, «Ұлт бірлігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, ардагерлер клубының мүшесі Шегебай Құндақбаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева, аудандық мәслихат депутаты Дәулет Қанатбай, жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы,полиция майоры Е.Плжанов, аудандық білім бөлімінің қызметкері А.Тоқшылықова қатысты.

Ардагер аға-апаларымыз «Бала тәрбиесі- ұлт келешегінің кепілі» тақырыбы аясында сөз қозғап, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлінің бүгінгісі мен кешегісін салыстыра отырып, қоғамда жастар арасында болып жатқан жүрек түршігерлік төбелестер, зұлымдықтардың болуына мектеп кінәлі емес, кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапсыздықпен қарауының нәтижесі екендігін айтты. Болашағымыз - жастар ата-бабамыздың мұра еткен рухани құндылықтарын жоғалтып, телефондағы түрлі желілерге кіріп, керітартпа ақпараттарға бой ұрып, қатыгездік пен жауыздықты үйреніп, бойын қатыгездік игеріп, өз қатарларымен жанжалдасып жатқанын айтты. Сөз соңында қоғамдық орындар мен ата-аналарды жастар тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлу керектігін ескертті. Келелі жиынға Шоқан Уәлиханов атындағы №26 мектеп бойынша 75 ата-ана қатысып, бала тәрбиесіне байланысты өз ойларымен бөлісіп,ұсыныстарын жеткізді.
19 сәуір 2023 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031