» » Бала тәрбиесі – басты міндет

Бала тәрбиесі – басты міндет

qarmaqshy-tany.kz Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осыған орай бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының бастамасымен жасөспірімдер арасында топтық төбелестің, құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, буллингтің алдын алу мақсатында аудан ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттарынан арнайы топ жасақталып, аудан орталығындағы С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің білім алушыларының ата-аналары мен құқық органы қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізу барысы одан әрі жалғасын тапты.

Арнайы бас қосуда жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептері қарастырылып, оған кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алатындығы айтылды. «Ел болам десең — бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізетіндігі жеткізілді.
19 сәуір 2023 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031