» » Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары

qarmaqshy-tany.kz Қатігездік – адам баласының тұлғасына, бүгінгі өркениетке жат қылық, өгей сезім екені даусыз. Алайда жастар арасында мұндай эмоцияның ұшқыны байқалып жүргені жасырын емес. Бұл ең алдымен отбасыдағы өнеге мен тәрбиеге тікелей байланысты. Осыған орай бүгін  Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбекұлының бастамасымен жасөспірімдер арасында топтық төбелестің, құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, буллингтің алдын алу мақсатында аудан ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттарынан арнайы топ жасақталып, 2023 жылдың 17 сәуір күні аудан орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің білім алушыларының ата-аналары мен құқық органы қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық түсіндірме жұмысын жүгізу барысы жалғасын тапты.

Аталмыш жиын барысында халық қалаулылары мен қоғам белсенділері ата-ананың баласына деген есепсіз қамқорлығы, бар жағдайын жасаймын деген талпынысы текке кетпес үшін жеткіншектің қайда жүргеніне, кіммен жолдас болғанына аса мән беру керек екені тілге тиек етілсе, сонымен қатар бала санасына отбасы құндылығын, обал-сауапты ұғындыра алмау өкініш пен қасіретке алып келетінін, сондықтан білімнен бұрын тәрбиеге салмақ салу әрбір ата-ананың борышы екенін мәлімдеді. Ата-аналар тарапынан сауалдар мен өзара ұсыныстар айтылып, қоғам болып бала тәрбиесіне бірлесе отырып бақылау жасау керектігі айтылды.

18 сәуір 2023 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930