» » Тазалық күн тәртібінен түспейді

Тазалық күн тәртібінен түспейді

qarmaqshy-tany.kz ӨЗГЕ АЙМАҚТЫ ҚАЙДАМ, БІЗДЕ КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫНАСАЛҒЫРТТЫҚПЕН ҚАРАУ САНАМЫЗДАН АРЫЛМАЙ КЕЛЕДІ. АУДАННЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕ НЕМЕСЕ ӘКІМДІК БАР ДЕЙТІН ҰҒЫМ ҚАЛЫПТАСҚАН. ӨТКЕН СЕНБІДЕГІ СЕНБІЛІКТЕ ОЙҒА ТҮЙГЕН ҚОРЫТЫНДЫМЫЗ ОСЫ БОЛДЫ.
Кентіміздің тазалығы үшін жұмыла сенбілікке шықтық. Ислам дінінде тазалықты иманмен теңестіріп, «Тазалық – иманның жартысы» дейді. Осыдан-ақ адам өмірінде тазалықтың қаншалықты маңызды екенін ұғынуға болады. Алайда көпшілік үшін дәстүрге айналған сенбілікте тұрғындар бой көрсетіп жатқан жоқ. Жасыратыны жоқ, біздің санамызда қоғамдық жұмысқа тартылғандар немесе мекеме қызметкерлері көшенің тазалығына жауапты деген ой қалыптасқан. Оны былайғы сенбілікке шыққанда-ақ көзбен көріп жүрміз. Жалпы кей тұрғындар тазалықтың баршаға ортақ іс екенінен бейхабар секілді. Көшенің тазалығы былай тұрсын, есігінің алдындағы немесе арықтағы қоқысты алуға арланатындай. Мекеме қызметкерлері өздері келіп тазалап кетеді дегендей әлгі қоқыс келесі сенбілікке дейін сол жерде жиналып жатады. Айналаңыздың тазалығы сіздің айнаңыз екенін ұмытпаңыз. Түптеп келгенде ортақ істің оңтайлы жүзеге асырылуы – әрбір аудан тұрғынының белсенді әрекетіне тікелей байланысты екендігін естен шығармағанымыз жөн.
Санитарлық тазалық айлығына ауылдық округтерде белсенділік көрсетті. Әлеуметтік желіге жарыса салған суреттерден туған жерге деген жанашырлығы байқалады. Көше сыпырып, тал егіп, мекеме алдын көгалдандыруда елден қалыспады. Сенбілік жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ. Әр көшенің тұрғындары есік алдындағы тазалыққа өздері жауапты екенін есте ұстаса. Ең болмағанда өз үйінің айналасын күл-қоқыстан тазартып, ауласына көшет отырғызып, тазалау ісіне мән беруі тиіс. Әсіресе көпшілікке қызмет көрсететін кәсіпкерлер өзі елге қызмет етіп отырған орынның айналасын таза ұстауға міндетті.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
11 сәуір 2023 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930