» » Тазалық - мәдениет өлшемі

Тазалық - мәдениет өлшемі

Ауданда әлеуметтік нысандар салынып, жаңарған ғимараттар саны жылдан-жылға артып, көркейіп келеді. Дегенмен де бұл жағынан ауыз толтырып айтып, абыройымызды аспандатқанымызбен, аудан орталығының тазалығына келгенде әлі де ұяттан жерге қарайтынымыз бар. Көктем мен күз мезгілі келсе ескі әдетімізге басып билік жаққа елеңдейтініміз жасырын емес. Бұл ретте ешкімнің «бұйрығын» күтіп отырудың тіпті де қажеті жоқ. Әр тұрғын білекті сыбанып, қолына құрал-сайманын алып тазалық жұмыстарын бастап кету қажет.
Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екені әлемді шарпыған індетпен күресте айқын білінді. Бірақ, осыны біле тұра табалдырықтан басталатын тазалықты өзімізді қоршаған ортада сақтай бермейміз. Аудан ажарын тек сәулетті ғимараттары мен көрікті гүлзарлары ашпайды, сонымен бірге көрер көзге ерекше әсер беретін тазалығы да ашатынын естен шығармаған абзал.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, тазалық әр ауладан, әр отбасынан басталады. Егер әркім өз ауласын таза ұстап, жүрер жолын түрлі қоқыс-қалдықтардан тазартып жүрсе, оның нәтижесі қоршаған ортаға да оң әсер ететіні анық. Керісінше, кішкентай қоқысқа немқұрайлы қарап, алып тастауға ерінетін болсақ, бір айналып келгенде әлгі жер құйын аралап кеткендай ыбырсып жатады. Демек, сіздің өзіңіздің тұрғылықты мекеніңіздің тазалығына бөлген кішкентай көңіліңіздің өзі үлкен рөл атқарады. Рас, кейде оны тазалауға міндетті мекемелер бар деп бар жауапкершілікті толығымен соларға ысырып тастаймыз. Міне, осы түсінік көбінесе ауданның таза болуына кері әсерін тигізіп жатады. Өзіңіз ойлаңызшы, әр ауданда тазалық жұмыстарымен айналысатын қанша мекеме бар және онда жұмыс істейтін қанша қызметкер бар? Ал сол мекен тұрғындарының, тазалық қызметкерлеріне жұмыс тауып беретін адамдардың саны олардан бірнеше есе көп. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Жұмыс орнының айналасына жауапкешілікпен қарайтын басшылар, өз ауласын үнемі таза ұстайтын тұрғындар да баршылық. Алайда, тұрғындардың бір пайызының өзі күніне кез келген жерге бір қоқыстан тастағанның өзінен күніне қанша қоқыс жиналатынын бағамдай беріңіз.
Түптеп келгенде, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – бұл әрбір азаматтың басты міндеті.
Осы орайда күз мезгілінде ұйымдастырылатын дәстүрлі санитарлық айлығында апта сайын аудандағы, ауылдағы барлық мекеме қызметкерлері сенбілік жұмыстарына қатысуда. Айта кетейік, бұл игі шара тұрғындардың тазалыққа бей-жай қарамай, қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бастама. Жалындаған жастар мен еріктілер тобы, көпбалалы аналар, өскен өлкеге жанашыр тұрғындар бірауыздан қолдау білдіріп, өз үлестерін қосуда.
Өткен сенбіде аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбілік жұмысын арнайы аралап, Жосалы кенті, Тайшық би көшесіндегі ауданымыздың айшықты келбетіне айналған «Сыр сүлейлері» аллеясындағы сенбілікке қатысып, тал көшетін отырғызды. Алдағы уақытта аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін тазалық жұмыстары апта сайын жалғасын таба бермек.
Иә, мекеме қызметкерлері апта сайын сенбілікке шығып, өздеріне бекітілген аумақты тазалап кетеді. Алайда келесі сенбіде қоқысқа толы көше қайтадан алдыңыздан шығады. Оны да тазалап, жинайды. Келесі сенбіде де дәл осы көрініс. Бұл нені көрсетеді? Мәдениетсіздік пен немқұрайлылықты. Қарап отырсақ, лас, қоқысқа толы көшеде өзі тұрып, баласы сол көшеде ойнайды емес пе? Расында да тұрғындардың оянатын да, ойланатын да кезі келді. Өзіміздің қоршаған ортамызды біреудің итермелеуімен емес, шын әрекетімізбен тазалауымыз қажет. Көшедегі емес, ауламыздың айналасында шашылып жатқан «құрғақ» қоқысқа алдымен өзіміз жауаптымыз. Сондықтан да қоршаған ортаға деген қамқорлық өзіміз тұратын үйден, содан кейін көшеден басталуы керек. Осыны тереңірек түсінгеніміз абзал. Ал қоғамдық орындарда қолындағы қоқысты көзі түскен немесе қолы жеткен жерге тастай салмай, арнайы қоқыс жәшіктеріне салуды әдетке айналдырсақ болғаны.
Аудан тазалығына бәріміз де жауаптымыз. Егер әркім өзін мәдениетті санап, тазалықты өзінен бастаса, кез келген қала, аудан, ауыл, аула да аз уақыттың ішінде құлпырып шыға келеді. Оған күмәніңіз болмасын.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА,
Ерсін СӘДУҰЛЫ (суреттер)

27 қыркүйек 2022 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031