» » Тазалық айлығы басталды

Тазалық айлығы басталды


ЖОСАЛЫ, 17 наурыз – qarmaqshy-tany.kz КӨКТЕМ КЕЛДІ ДЕГЕНШЕ, СЕНБІЛІК ЖҮРДІ ДЕСЕЙШІ. КЕНТТІҢ ҚАЙ АЙМАҒЫНА БАРСАҢЫЗ ДА КӨШЕ СЫПЫРЫП, ҚОҚЫС ӨРТЕГЕНДЕР. СЕНБІЛІКТІҢ ЕКІ АЙЛЫҒЫ МІНЕ, ОСЫЛАЙ БАСТАЛДЫ. БҰЛ ЖЫЛДАҒЫ ҮРДІС.

   Тәртіп бар жерде тазалық бар. Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков 7 нау рыз бен 7 мамыр аралығын ауданда көркейтукөгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы деп жариялады. Енді әр сенбінің таңы осылайша қызу тірлікпен атпақ. «Қазанға қарағанның қасығы бөлек болғанымен азығы бір» деген. Бәрінің илегені бір терінің пұшпағы. Өз ортасының тазалығы. Таңмен таласа сенбілікке асыққан тұрғындар кенттің тазалығына бір кісідей атсалысты. Оны рейд жұмысын жүргізу кезінде байқадық.
   Бағытымыз арғы беттегі 4, 5, 6 аймақты аралаудан басталды. Мұнда әр мекемеге берілген көше өз деңгейінде тазартылды. Қыс бойы қар астында жатқан бос құтылар алынып, арықтар қалың топырақтан аршылды. Жол жиегіне жиналған қап-қап қоқыс пен үйінді арнайы техникалармен алынып, сыртқа шығарылды. Көліктің жүрісімен қат болып жиналып қалған қатты балшықтар қырып алынып, тротуарлар әктелді. Қысқасы, қоқыстан көз ашпаған көшелер осылайша қалыпқа келтірілді.
   Орталықтағы 1, 2, 3 аймақтарда тазалық жұмысы дәл осы қарқынмен өтті. Жалпы осы күні сенбілікке шыққан мекемелер шама-шарқынша тындырымды іс жасаған. Бірақ, бізді кент тұрғындарының кейбірінің қоршаған ортаға бей-жай қарайтыны қынжылтты. Мәселен, бір көшелерде ағын су өтетін арықтар тазартылмаған. Мекеме мамандары үлгергенінше арықтарды қоқыстан арылтып әлек.
   Рас, тазалыққа тастай талап керек. Осыны әрбір азамат сезінуі тиіс. Кейбір тұрғындар құрылыс жүргізу үшін топырақ пен тасты жол жиегіне үйіп қойған. Шындап келгенде мұның өзі көшенің сәнін кетіреді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін үнпарақтар таратылды.
   Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың бір хадисінде «Жаратқан иеміз таза әрі тазалықты сүйеді» делінген. Сондықтан туған өлкеміздің тазалығына жіті мән бермесек, азаматтығымызға сын болмақ. Ендеше тазалықты – табалдырықтан бастайық. Өлкемізді таза ұстауды күнделікті әдетке айналдырсақ, ел дамуына қосқан елеулі үлес болар еді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
17 наурыз 2020 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031