» » Арзан жанармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр – Әлихан Смайылов

Арзан жанармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жанар-жағармай бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеше Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасының өсетінін мәлімдеді. Осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Яғни, бағаны қайта қарамасақ, онда жақында мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз. Бізде дизель отынын қолдану жылына бір адамға 300 литрден келеді. Ал Ресейде бұл көрсеткіш - 225 литр, Қырғызстанда - 90 және Өзбекстанда - 44 литр. Мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, ал дизель отыны 33 пайызға өсті», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасай тұрып.
Оның айтуынша, мұнай компаниялары жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатыр.
«Дегенмен жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесі азаяр емес. Қазақстандық арзан жанар-жағармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр. Осылайша отандық арзан жанар-жағармай өзіміздің мүддесіне емес, көрші мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеп отыр», - дейді Прьемер-Министр.
06 сәуір 2023 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728